Сенат кулуарында ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қашқын генерал Серік Күдебаевқа қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Алдажұманов іздестіру нысаны тау жотасы екенін, себебі оның өзі туған жерде — тауға жақын елді мекенде шаруа қожалығы бар екенін айтты.
«Болжам бар және тауға кетті делік. Жұмыс жалғасып жатыр. Түсінесіздер ғой, тау жотасы 672 шақырым болады. Оның өзі туған жерде — тауға жақын елді мекенде шаруа қожалығы бар. Жақсы жолсеріктер болуы да мүмкін. Біз тау арқылы шығатын нұсқаны қарастырып жатырмыз», — деп түсіндірді Алдажұманов.
Фото: ашық дереккөздерден
«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ





