Талдықорған: +23°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ПАЙДАСЫ

22.06.2024
КҮЛТӨБЕ
ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ПАЙДАСЫ

Журналист – қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ететін басты тұлға. Бүгінде жаңалықтың жаршысына айналған барша тілшінің көкейінде тұрған бір сұрақ бар. Ол «қоғамда үлкен маңызға ие мамандықтың бүгіні мен ертеңі қандай болмақ?». Тоқетерін айтқанда «Массмедиа туралы» заңның журналистерге қаншалықты пайдасы барын жан-жақты қарап, оң-терісін бағамдау осы күннің еншісінде.


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мақұлдаған заң бойынша жаңа өзгерістерге көз жүгіртейік. БАҚ өкілдерінің қызу талқысында тұрған толықтырудағы басты өзгерістің бірі – қазақ тіліндегі теле-радио бағдарламалардың көлемін алдағы 3 жылда 60 пайызға ұлғайту. Отандық медиа өнімнің ұлғайғаны қазақтілді БАҚ үшін қуанышты жаңалық болары сөзсіз. Себебі аталған өзгерту арқылы тек медиа кеңістік дамып, анатілді бағдарламалар көбейіп қана қоймай, қазақ тілінің де қанаты кеңге жайылмақ. Жоғарыда айтылған «Массмедиа туралы» заңда 2025 жылдан бастап мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламалары мен отандық медиа өнімнің көлемі 55%, ал 2027 жылдан бастап 60%-ды құрауы тиіс деп жазылған. Сонымен қатар, шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясы 20 пайыздан 10 пайызға дейін азаяды. Демек, санаулы бағдарламалар қатары артып, саналы да сапалы контенттер мен қазақы нақыштағы танымдық бейнеүзіктер халыққа жол тартады. 

Балалар контентіне ерекше көңіл бөлу, басылымдарға гранттар беру де назардан тыс қалған жоқ. Мұндағы айтарымыз, соңғы уақытта шынымен балалар басылымдары мен бағдарламалары бірсарынды болып кеткені жасырын емес. Анимациялардың сапасы мен дыбысталуы көңілге қонымсыз екені барлығына мәлім. Тіпті, кейбір балақайлар түрлі бағыттағы арналардан шетелдік мультфильмді іздестіріп, өзге жанрдағы ерсі видео көріністерді қарайды. Мұндай жайттар көбінесе «YouTube» желісінде кездеседі. Жас бүлдіршіндердің де «Синий тракторды» көре алғашқы сөздері өзге тілде шығып жүргені ақиқат. Егер аталған мақсат орындалар болса, баланың болашағына алаңдаған ата-аналардың көңілі тынышталып, қазақы тәлім-тәрбие жөргектегі баланың санасына орнығар еді.

Журналистер үшін ақпарат алу үлкен еңбекті талап етері анық. Сондықтан БАҚ өкілдері үшін ақпарат алу жеңілдеп, сұраулар бес жұмыс күнінде қаралады делінген. Шынымен журналистердің мақалаға қажет ақпаратты алуында біраз қиындықтар туындап, арты жанжалға да ұласып кететін жайттар кездеседі. Заңға енгізілген бұл түзету журналистер қауымының жұмысын біраз болса да жеңілдетері анық. «Интернет-басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылады» деген өзгерістің пайдалы тұсына тоқталайық. Барлығы білетіндей, бүгінде мардымсыз, құрғақ сөз бен сенсация қуған ақпараттық сайттар күннен-күнге ұлғаю үстінде. Олардың жариялаған ақпараттары БАҚ-тың беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Тіпті, қарапайым ережелерді де сақтамайды. Сондықтан Интернет-басылымдардың міндетті түрде есепке алынуын қос қолдап құптаймыз.

«Массмедиа» заңын талқылау журналистер арасында әлі жүргізіліп жатыр. Бұл мақалада жаңа заңның тек жақсы тұсын айтқанымызбен білікті журналистер түрлі ұсыныстар айтып, өзгерістің ұнамайтын бөлігі туралы ашық жазып, айтуда. Тіпті аталған заң журналистердің мүмкіндігін шектейді деген пікірлер де бар. 

   Гүлнұр ЕРМҰХАНҚЫЗЫ,
                            ЖУ студенті
 

Қатысты жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.06.2025
Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

17.06.2025
Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

17.06.2025
Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

17.06.2025
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.