Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАЙНАЙ БЕР, ЖАРҚЫРАЙ БЕР – АСТАНА

5 шілде 2023
КҮЛТӨБЕ
ЖАЙНАЙ БЕР, ЖАРҚЫРАЙ БЕР – АСТАНА
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздігіміздің тұғырын нықтап, шегарамызды шегендеп, ана тілімізді елжандылық, отансүйгіштік сезімнің ең биік шыңы деп санағалы өркениет көшінен өзіндік орын сайладық. Іргелі елдердің, дамыған мемлекеттердің басшылары Сарыарқа төсіндегі саф алтындай сәуле шашқан Астанамызға табан тіреп, келелі кеңес құратын күнге жеттік. Әлемдік мәселелердің шешім тапқан, келелі дүниелердің өріс алған құтты ордасына, бейбітшілік пен берекенің бесігіне айналған сол әз Астанамызға биыл 25 жыл толып отыр.


Мыңжылдық жылнамамыздағы тарихи деректерге көз салсақ, қазақ халқының дәуірлер мен ғасырлардағы әрбір астанасы елдің жүрегі болып, рух пен ұжданның, дәстүр мен құндылықтың ұясына айналған. Бүгінде ширек ғасыр тарих түзген Астанамыз да әлем халықтарының көз суарған, көзайым болған киелі ордасына айналды. Ал бұл қазақ халқының ұлы мақтанышы, қастерлі қара шаңырағы саналатыны да сөзсіз. Міне, осындай тебіреніске тақырып толған Астананың 25 жылдығын жетісулықтар да айрықша атап өтті.

Талдықорған қаласындағы «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында өрнек тапқан «Жайнай бер, жарқырай бер – Астана!» атты салтанатты шараға жиналған көпшілік қарасы қалың болды. 

Жиын барысында алғашқы болып сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл көпшілікті ұлттың ұстыны болған, келешекке кемел көш түзеген жақұт қала күнімен құттықтады. Мәдениет пен өнердің, спорттың бесігіне айналып келе жатқан бағаналы орда ұлтқа ортақ мақтаныш екенін айшықтады. Ел мерекесі, ұлт мерейі, ұлттық идеяларды іске асырудың орталығына айналған Астананың 25 жылдығына орай облыста, Талдықорғанда өрнек тапқан қуаныштарды да атап өтті.

Салтанатты шара соңында күмбірлеген күй шанақтан төгіліп, әуелеген асқақ әндер айтылды. Облыстық филармонияның, «Талдықорған әуендері» халықтық, фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің өнерпаздары мерекелік концерт ұсынды. 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Бүгін, 09:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.