Талдықорған: +23°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Жалпы құны 1 млрд. 389 млн. 520 мың теңге»: жаңа мектеп салынуда

04.05.2023
КҮЛТӨБЕ
"Жалпы құны 1 млрд. 389 млн. 520 мың теңге": жаңа мектеп салынуда

Биыл Сарқан ауданында бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандар пайдалануға берілмекші. Жастардың, тұрғындардың көптен бергі тілегі ескеріліп, Көктерек, Алмалы ауылдарында Мәдениет үйлері, Бірлік, Тополевка ауылдарында жаңа мектеп бой көтеретін болады. Осынау ақжолтай жаңалықты жұртшылықпен бөлісу үшін екі елді мекендегі мектеп құрылысы барысымен танысып едік.

Бірлік ауылындағы «Құрылысшы ТБС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған 25 орындық шағын орталығы бар 120 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы жалғасып жатыр. Құрылыс жұмыстары алдыңғы жылдың қараша айынан бастау алса да қымбатшылыққа орай өткен жылы нысанның жобалық-сметалық құжаттамасына түзету енгізілген. Соған қарамастан бүгінде жобаланған ауқымды жұмыстың дені орындалуда, жаңа оқу жылына дейін шәкірттерге мектеп есігі айқара ашылатын болады.

– Қазандық пен стадионның құрылысын және аумақтың абаттандырылуын қосқанда мектеп құрылысының жалпы құны 1 млрд. 389 млн. 520 мың теңге. Биылға дейін осы қаржының 749 млн. 451 мыңы игерілді, жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр, – дейді құрылыс, архитектура және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Мұратбек Рымбаев.

Бірлік орта мектебінің қазіргі балалар оқып жүрген екі қабатты ғимараты 1971 жылы салынған, бейімделген нысан. Онда акт залы мен спорт зал жоқ. Орын жетіспейді, сондықтан мұндағы 123 оқушы екі ауысымда оқуға мәжбүр. Олардың көз алдарында қабырғалары биіктеп, күннен-күнге әрленіп бара жатқан заманауи мектептің пайдалануға берілуін асыға тосып жүргені даусыз.

Қабырғалары әрленіп, алыстан көз тартып, шатырланып, электрмен жабдықталып, жылу трассасы, кәріз жүйесі толықтай іске қосылған ғимараттың өңдеу жұмыстары белгіленген мерзімде жүзеге асырылса, нысанның тамыздың аяғына дейін пайдалануға берілуі айдан анық.

Учаске жетекшісі Марат Ілиясовтың айтуынша құрылысқа 60 жұмысшы тартылып, 7 блоктан тұратын нысанда шәкірттер үшін барлық жағдай қарастырылған.

Екіаша ауылдық округіне қарасты Тополевка ауылындағы 25 орынды шағын орталығы бар 80 оқушыға арналған мектеп құрылысына бюджет қоржынынан 1 млрд. 315млн. 497 мың теңге бөлініпті. Осы қаржының жартысына жуығы игеріліп, мердігер тамыз айының басында жаңа нысанды пайдалануға беруді көздеп отыр.

Мұнда да 48 адам, 7 техника қамтылып, қауырт жұмыс өріс алған. Үш қабатты мектептің шатыры жабылып, терезе блоктары орнатылып, әрлеу жұмыстары талапқа сай жүргізілуде. Су құбыры, кәріз және жылу жүйелері жұмыс істеп тұр. Ішкі әрлеу жұмыстары қарқынды жүріп, спорт алаңдарына асфальтбетон төселіп, жоба талаптарына сәйкес салынып жатқан еңселі жаңа нысан білім теңізіне бойлауды мақсат тұтқан жас өрендердің алтын ұясына айналады.

Келесі аялдаған нысан Алмалы ауылында құрылысы жүріп жатқан мәдениет ошағы. Учаске жетекшісі Қайрат Рахымбердиевтің айтуынша қазынадан 503 млн. 710 мың теңге бөлініп, 30 шақты азамат жұмысқа тартылып, 140 орынға лайықталған мәдени-тұрмыстық нысан құрылысының 40%-ы орындалған. Ағымдағы жылдың шілде айының басында Мәдениет үйін қолданысқа беру жоспары тұр.  Ал аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Дамир Каиповтың сөзінше аталған нысанға 23 млн.159 мың теңгеге материалдық-техникалық базаны жабдықтау жоспарлануда. Ауылдық Мәдениет үйі  қызметкерлерінен бөлек кітапханашылар да осында орналасады. Мәдениет нысанына 14 штат бірлігі қарастырылып отыр. Жертөлесінде тренажер залы, теннис столын орнату да жоспарда бар. Өткен ғасырдың 1967 жылдары салынған ғимаратты «ГрадСтройСервис» ЖШС-і қазіргі заманға сай өрнектеп, қалыпқа келтіретін күн де алыс емес. 

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.06.2025
Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

17.06.2025
Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

17.06.2025
Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

17.06.2025
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.