Талдықорған: +22°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық іс-шараларға 8 мыңға жуық адам қатысты

04.06.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісу облысында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық іс-шараларға 8 мыңға жуық адам қатысты

Жеңіс Ысқабай

Жетісу облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай барлық аудандар мен қалаларда бір мезгілде 5 мыңға жуық адам қатысқан Мемлекеттік ту көтеру және Мемлекеттік гимнді орындау патриоттық іс-шаралары өтті. Талдықорғандағы Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагерлер, мәслихат депутаттары, жастар, ҚХА өкілдері, түрлі қоғамдық ұйымдар, қала тұрғындары қатысты. Мереке аясында өңірде 8 мыңға жуық адамды қамтыған 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

«Рәміздерім – мақтанышым!» республикалық акциясы аясындағы салтанатты шара Талдықорғанда «Жастар» саябағындағы Ту тұғырының жанында өтті. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен әскери қызметшілер Мемлекеттік ту мен Мемлекеттік елтаңбаны алып шықты. Мұнан соң Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік гимн шырқалды.

Іс-шара патриоттық шерумен жалғасып, оған қолдарына Мемлекеттік ту мен жалаушалар ұстаған мәдениет, спорт, білім беру қызметкерлері, ҚХА өкілдері, жастар, еріктілер, әскери қызметшілер және басқа да ниет білдірушілер қатысты. Шеруге қатысушылар «Жастар» саябағынан орталық алаңға дейін Н.Назарбаев даңғылымен жүріп өтіп, оларды «Көк тудың желбірегені!» патриоттық акциясының қатысушылары қарсы алды.

Мерекенің соңы концерттік бағдарламаға ұласып, «Өз елім», «Атамекен» патриоттық әндері орындалды.

Салтанатты патриоттық іс-шараларға қатысушылар пікірлерін білдірді. Солардың бірі облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт:

— Мемлекеттік рәміздер біздің бүкіл тарихымызды бейнелейді, бұл –  Тәуелсіздігіміздің атрибуттары. Рәміздер қабылданған кезде қандай бақытты, мақтан тұтар сәттерді бастан кешкенімізді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бүгінгі іс-шараға халық көп жиналды, мұндай мерекелер жастардың бойында патриотизмді қалыптастыруда, жалпы халықтың рухын нығайтуда маңызды рөл атқарады, — деп атап өтті ол.

Өскелең ұрпақтың өкілдері де мереке туралы ой қосты:

— Бүгін мен мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шараларға алғаш рет қатысып отырмын. Бұл – мен үшін өте қызықты әрі қуанышты. Біз, балалар, өз тарихымызды жақсы біліп, білімімізді жетілдіріп, осындай паториоттық іс-шараларға жиі қатысуымыз керек деп санаймын. Мен болашақта   полицияда қызмет еткім келеді, сөйтіп тәртіптің сақталуына үлесімді қосамын,-дейді Талдықорған қаласындағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейінің 7 «Б» кадет сыныбының оқушысы Әсем Әсетқызы.

Ал осы мерекеде Талдықорған қаласының № 18404 ДШБ әскери бөлімінің капитаны, рота командирі Ерзат Қосын құрметті миссияны атқарды. Әскери әріптестерімен бірге ол мемлекеттік рәміздерді алып шықты:

— Менің міндетім Мемлекеттік елтаңбаны алып шығу болды. Бұл – құрметті әрі өте жауапты міндет. Өйткені, біздің мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің негізі, ал еліміздің егемендігін қорғау – біздің қасиетті парызымыз. Әскери қызмет – менің таңдаған өмірлік жолым. Құрлық әскерлерінің әскери институтын бітірген соң Талдықорғанда 4 жылдан бері қызмет етіп келемін. Тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын, баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, амандық тілеймін, — деді Е.Қосын.

Жалпы Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім-мақтанышым!» атты республикалық акция аясындағы салтанатты іс-шаралар бүгін облыстың барлық 10 аудан-қаласында өткізілді. Сондай-ақ «Туымыз төрімізде» акциясы аясында тұрғындар көп қабатты үйлерінің блакондарына Мемлекеттік ту ілді. Патриоттық шерулер Талдықорған қаласы мен Қаратал ауданында, ал веложарыстар Сарқан және Көксу аудандарында өтті.

Сонымен қатар мереке қарсаңында Мемлекеттік ту бейнеленген 400 төсбелгі таратылған болатын. Облыс бойынша мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандардан ант қабылдау рәсімдері ұйымдастырылды. Сондай-ақ кітапханаларда, мәдениет үйлері мен мұражайларда, мектептерде, аймақтағы қоғамдық орындарда патриоттық тақырыптағы дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар, поэтикалық кездесулер, блиц-сауалнамалар өткізілді.

Атап өтсек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні аясында Жетісу облысында 8 мыңға жуық адамды қамтитын түрлі форматтағы 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.