Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда жаңа оқу жылында жалпы саны 900 орынды екі жаңа мектеп қолданысқа беріледі

12 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда жаңа оқу жылында жалпы саны 900 орынды екі жаңа мектеп қолданысқа беріледі
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Жетісу облысында жаңа оқу жылы басталғанға дейін «Келешек мектебі» жобасымен Алакөл ауданы Достық ауылында 600 орындық орта мектептің, сондай-ақ Панфилов ауданы Лесновка ауылында 300 орындық орта мектептің құрылысы аяқталып, іске қосылады. Сол сияқты Ақсу, Кербұлақ аудандарында тағы екі мектеп жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Оған қоса тағы 8 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілуде, соның 6-уының құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір білім мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатыр. Соның ішінде  жылыту маусымына дайындық жұмыстары да басты назарға алынған. Білім беру мекемелеріне бүгінгі күнге сұйық және қатты отын, сол сияқты пеллет отыны жеткізілуде. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға көңіл бөлініп, жыл соңына дейін 58 мектептің спорт залдары мен асханалары жаңартылады, 70 пән кабинеттері сатып алынады.

— Жалпы білім беру қорынан 25 229 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алуға
1,1 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні аталған қаражат ата-аналардың жеке есеп шоттарына толығымен аударылды. 1-4 сынып оқушылары және  5-11 сыныптың әлеуметтік осал отбасы балалары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Сол сияқты оқушылар тасымалы мәселесі де назарымызда. Жалпы облыста 87 елді мекеннен 2113 оқушы тасымалданады. Оқушылардың қауіпсіз әрі жайлы тасымалы үшін биыл жергілікті бюджет есебінен қосымша 8 автокөлік сатып алынды, — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов.

Жалпы жаңа 2025-2026 оқу жылында Жетісу облысында оқушылар контингенті 131 мыңнан асады деп күтілуде, оның ішінде 1-сынып оқушылары 13 мыңнан асады. Облыс колледждеріне 4,5 мың студент қабылдау жоспарланған.

Қатысты жаңалықтар

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.