Талдықорған: +25°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда жас алаштанушылар бас қосты

22.11.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда жас алаштанушылар бас қосты
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда өткен «XXI Ғасырдағы Алаштың Ақ Жолы» жалпыұлттық байқауының екінші кезеңінде еліміздің әр өңірінен жиналған жас зерттеушілер Алаш мұрасын жаңа қырынан зерделеп, ұлттық идеялогияның мәңгілік мәнін тағы бір мәрте айқындап берді.

 Салтанатты жиында облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева қонақтарға қошемет сөз арнап, өңірге ат басын бұрған зиялы қауымға ізгі лебізін жеткізді. Ізгілікті басқосу Жетісу университетінің алдындағы Ілияс Жансүгіров ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталып, Алаш рухына деген құрметпен өрілді.

Осыдан кейін «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев пен партия төрағасының орынбасары Иса Қазыбек Жетісу театрының дара таланттары Кендебай Темірбайұлын және Алмахан Кенжебекті «Qazaq Republic. Alash» медалімен марапаттады. Бұл ұлт руханиятына еңбегі сіңген азаматтарға көрсетілген лайықты құрмет.

Азат Тұрлыбекұлы өз сөзінде Алаш идеясының бүгінгі күнмен сабақтастығын, оның қазақ санасынан өшпейтін құндылық екенін атап өтіп:

– Алаш қозғалысының өзегінде экономикалық дербестік, өркениетті мемлекет құру, демократиялық қағидалар мен парламентаризм жатыр. Кейбіреулер Алашты тек тарих деп түсінеді. Мен бұған келіспеймін. Өйткені Алаш – біздің болмысымыз, болашағымыз. Жастар осы идеяны терең зерделеуі тиіс, – деді партия төрағасы.

Биыл 13-ші рет өткізілген «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ Жолы» жалпыұлттық байқауы Алаш мұрасын зерделеуге ынталы 35 жасқа дейінгі талантты жастарды біріктіруді мақсат етті. 2013 жылдан бері дәстүрге айналған бұл байқау жыл сайын еліміздің әр өңірінде жалғасын тауып келеді. Өткен жылдары Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе өңірлерінде ұйымдастырылса, биыл байқаудың екінші кезеңі Алаштың ардақты перзенттерін дүниеге әкелген киелі Жетісу жерінде өтті.

Ілияс Жансүгіров, Барлыбек Сырттанұлы, Біләл Сүлеев, Отыншы Әлжанов сынды ұлт қайраткерлері шыққан топырақта жас алаштанушылар ғылым жолындағы ізденістерін таныстырды. Биылғы байқауға 430-ға жуық ғылыми жұмыс келіп түскен. Соның ішінен 42 дарынды жас іріктеліп, екінші кезеңде бақ сынады. Үздік шығармалар «Алаштың әлеуметтік-саяси идеялары», «Алаштың ағартушылық қызметі», «Экономикалық көзқарастары және кәсіпкерлік», «Алаш тарихының ақтаңдақтары» бағыттары бойынша бағаланды.

Қазылар алқасының құрамына І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕ АҚ Гуманитарлық факультет деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Дәулеткерей Мүлік,  Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті бөлімінің басшысы Елдос Тоқтарбай, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Кемеңгер Қайырбек енді. Олар жас зерттеушілердің еңбегін жан-жақты сараптап, әділ бағасын берді.

Байқаудың қорытынды кезеңі Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада өтеді.

Алаш идеясы өткеннің сарқыншағы емес, бүгіннің темірқазығы, ертеңнің бағдаршамы екені жас зерттеушілердің әр еңбегінен анық байқалды. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, әділдікке, теңдікке, білім мен парасатқа негізделген Алаш ұстанымы қазақ қоғамының даму бағдарын айқындауда әлі де жетекші рөл атқарып отыр. Ұлт болашағы – өткенін ой таразысына салып, бүгінін дұрыс бағамдап, ертеңіне нық қадам жасай алатын буынның қолында. Сол буын дәл осы алаштанушы жастар десек қателеспейміз.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 1489 мопед ресми тіркеуден өткен

Жетісуда 1489 мопед ресми тіркеуден өткен

22.04.2026
Ардагерлер сайысында көксулықтар топ жарды

Ардагерлер сайысында көксулықтар топ жарды

22.04.2026
Қазақстанға автокөлік жеткізуші елдер рейтингі шықты

Қазақстанға автокөлік жеткізуші елдер рейтингі шықты

22.04.2026
Көксуда «Novatech Construction» зауытының өндірістік жұмысы таныстырылды

Көксуда «Novatech Construction» зауытының өндірістік жұмысы таныстырылды

22.04.2026
Әлемдегі ең ірі айсберг А23а толық ыдырап барады

Әлемдегі ең ірі айсберг А23а толық ыдырап барады

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.