Талдықорған: +34°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСУДЫҢ ЛИДИЯСЫ

09.04.2021
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІСУДЫҢ ЛИДИЯСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сабаты жердің шалғынындай қаулап өскен өскін-ұрпақтың жүзіне ұялмай қарау үшін адам жанының айнасы, рухының терезесі шаңнан ада болуы шарт. Бабалардың басқан ізінде ізгілік бедері қалғандықтан олардың асқақ тұрпатын санаға салып,    кішірейтіп елестете алмайтынымыздай, біздің сүрген дәурен ғұмырдың, қоғамымыздың көрінісін келер ұрпақ хатқа түскен шежіре арқылы танымақ. Сонда деймін-ау, парақорлық пен жемқорлық тамыры жуандап, қазынаға қолсұғушылық індеті ірге жайған бүгінгі тұстағы түрлі күрмеуі күрделі мәселенің мәнін қайтып ақтап алмақпыз? Ұрпақ бетіне тура қарай алмасымыз анық… Міне, осындай ой меңдеген шақта, күлік жалын тартып мінген тұстан күллі адамзат баласына өркениет таратқан халқымыздың бүгінгі ұлы күресі не болу керек деп толғанамын. Сол тұста ой омартама  бал тұндырған тәтті қиял таңдайымда ұйи жөнеледі. Ол – жемқорлық, парақорлық, қазынаға қолсұғушылық іспетті індеттен ада болып, еліміз өркениетімен, өнерімен асқардан тақ сайласа деген күлбілтесі көп үміт қиялы.


Бүгінгі қоғамдағы ең жан ауыртып, жүрек сыздатар жағдайды осылай деп толғайды халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі драматург – Лидия Егембердиева.

Қазақ әдебиетіне, бекзат өнер театр әлеміне өзінің айшықты ізін қалдырып, бүгінде жетпіс жастың желкенін көтерген Лидия Егембердиева 1951 жылы Ақсу ауданы, Жансүгіров кентінің «Қарашілік» бөлімшесінде өмірге келген. Жалын атқан жастық шағынан әдебиетке, сөз өнеріне іңкәрлік танытқан ол мектеп қабырғасын жақсы тамамдап, ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түседі. 

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – драматург оқып жүрген шақта С. Киров атындағы институт болып аталатын. Міне, сол кезде талантты жастармен бірге білім нәрімен сусындап, билік пен бұқара арасындағы алтынкөпірлік міндет саналар журналистика жолын ізденімпаздығымен, еңбексүйгіштігімен терең меңгеріп шыққан ол, жоғары оқу орнын өте жақсы аяқтағаннан кейін бүгіндері ғасырлық белесті бағындырған Қазақ радиосының ауыл өмір редакциясына орналасады. 

Әуе толқыны арқылы қазақ сахарасының түкпір-түкпіріне жағымды жаңалық, ақжолтай хабарлар тарататын радиода қызмет етіп жүріп Лидия Егембердиева жазушылық жолға қадам басады. Тамырындағы бүлкілдеп ағып жатқан бұла ағыс қазақтың қасиетті сөз өнеріне жетелеп, таным мен тағылымы көкжиек кенересінде ұштаса бастаған жалынды жастығының алғашқы шұғыласындай болып «Жолда» атты шағын әңгімесі өмірге келеді. Оған түрткі болған бір іссапарында орын алған оқиға екен. 

…Күре жолдың бойында сапарлаған көпшілік алдағы жетер жеріне асығып-аптығары анық. Көлік қозғалар мезетте қапталдаса-қабаттаса автобусқа мінген көпшілікпен бірге Лидия да өзіне тиесілі деген орынға жайғасқан. Артынан ере кірген сұңғақ бойлы сырықтай азамат «Ары жылжысаңыз екен. Бұл орын маған тиесілі» деп үн қатады. Азаматтың бір орынды бұлдағаны несі дегендей жүзіне бажырая бір қарап, жас қыз терезе жақтағы орынға үнсіз ығысады. Сол мезетте көлік те жетер жеріне асыққандай қозғала жөнеледі. Көкжиекпен сағым арбасқан жолдың ұзын сілеміне түскен көлік көп өтпей көлшігінде көкбақа өретіндей бір сулы жерге қайрандап батып қалады. Дөңгелектің діңкені құртып суға түскені көлік ішіндегі азаматтарды бей-жай қалдырмаған соң бәрі лықсып сыртқа шығып, автобусқа дем бермек ниетпен итере бастайды. Сонда нәзік жандылардың қасында әлгі «орын сұраған» азамат қалып қояды. Мұны манадан аңдап отырған Лидия шыдамай:
– Сіз неге көмектеспейсіз? – деп әмірлі үнмен сұрау салғандағы алған жауабы «Мен оларға көмектесе алмаймын» деген жалқы сөз. Атпалдай азаматтың бұл жауабына ашуы келген Лидия әдейілеп жігіттің аяғын басып өтіп, тысқа шығады…

Көпшіліктің күшімен көлік қара жолдың сүрлеуіне түскенде жас қыз азаматтың аяғын тағы бір таптай орнына жайғасады.  Біршама уақыттан кейін елді мекен қарасы көрініп, автобус ауыл ішіне кіргенде бейтаныс азамат көлік жүргізушісіне: – Мені осы бір маңнан тастап кетсеңіз, – деп өтініш білдіреді. Алайда, көппен бірге көмек қолын созбаған жас жігітке іші жылымай қалған жүргізуші әрбір адамды жекелеген нүктеге тастамайтынын әмірлі, қатқыл үнмен айтады. Сапарластарының салқын қабағына ұшырағанын білген әлгі азамат уәж айтпайды. Межелі жерге жеткенде, әдемі қалпақ, ұзын плащ киінген ол көпшіліктің көңіліндегі қатқан мұзды ерітіп, протез аяғын шиқылдатып жол жиегіне түсіп қалады. Азаматтың жарымжан хәлін о баста аңдамаған жұрт пен әмірлі үн қатқан көлік жүргізушісі демін ішіне жұтып өкініш білдіріссе, Лидияның кеудесі атқақтай соға жөнеледі. Азаматтың аянышты хәліне күйініп, өзінің ағаттығына өкінеді… Міне,  осынау ғажайып оқиғаны бастан кешкен Лидия Егембердиева ешқандай боямасыз, асыра әспеттеу, әсіре көркемдеусіз болған жағдайды әдемі әңгімеге арқау етіп, «Жолда» атты тұңғыш шығармасын өмірге алып келеді.

Табиғатынан әсіре мақтауды, жалған қолпаштауды, жарамсақтану мен жадағай көлгірсуді ұнатпайтын, қарапайымдылықтың шекпенінде жүріп шерлі тағдырларға адамзаттық көзқараспен аяныш білдіретін кең кеуделі, дарқан жүректі Лидия Егембердиеваның бұл туындысы көп өтпестен «Қазақ әдебиеті» газетінде басылып, сол кездегі мүйізі қарағайдай классиктердің ыстық ықыласына ие болады.  

«Уақыт – ұлы аламан. Біреу алғашқы айналымнан төбе көрсетіп, ұшқырлық таныта бастаса, оған бірден қолпаш білдіру қажет емес. Он айналымнан кейін омақасуы мүмкін. Қамау тері алынып, ащы тері сылынған тұлпар сынды, өмірде болып жатқан түрлі жайттарды көкірек көзімен көре біліп, үндемей жүріп ұлы іс тындыратындардай жақсы, шынайы шығарма жазсаң жаның сая, рухың рахат табады. Бүгінде әдебиет теориясын білмейтіндер де қалам ұстайтын болды. Сөз өнері – киелі өнер! Оның қасиеті мен киесінен, кепиетінен қорқу керек.  Сол секілді, науқандық дүниелерге байланысты бір қойылымның сюжетін жасаған адамдарды драматург деп төбеге көтерудің қажеті шамалы. Біз өйтіп драматругтердің бағасын арзандатпайық» – дейді Лидия Егембердиева. 

Шындығында, әдебиет саласындағы кез келген жанрдың өз ауыртпалығы бар десек, драматургия саласы соның ішіндегі күрделісі екені анық. Бір пьеса үшін дараматург қаншама мехнатты жол өндіріп, қаншама ізденіске барады десеңізші?! Пьесаның шарықтау шегі, финалынан бастап, бастау легіне дейінгі аралықты санада салмақтап, оның ақпарына, дерегіне қаншама рең, бояу қосып, диалогтарды түзіп шығу деген жан азаптанатын ауыр жол екені де ақиқат. Міне, осынау жолда жемісті еңбек етіп, қазақ театр өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Лидия Егембердиева «Жолда» атты тұңғыш әңгімесінен кейін де прозада ілкімді із салып, «Кәрі қыз», «Жолы ауыр жігіт» сынды әңгіме, повестер ұсынып, өз кезегінде зейіні зеңгір оқырманның ыстық ықыласына, терең махаббатына ие болған. Сөйтіп, әңгімелері «Арман қанатында» атты жас қаламгерлердің жинағына енеді. Сонда кейіпкеріміздің шығармалары Жүсіпбек Қорғасбек, Дидахмет Әшімхан, Тұрсын Жұртбай сынды бүгінде алты Алашқа танымал қаламгерлермен қатар шығады. Мұның өзі Лидия Егембердиеваның осынау ұлт перзенттерімен иықтасқан талант-тақсыры екенін айғақтайтын ақпар десек, артық айтқандық емес-ау.

Иә, драматургия саласына келу сүрлеуінде Лидия Егембердиева талай жолды, талай қызметті өткерді. Ұлт саясатын үйлестіру комитетінде бас маман болып қызмет етіп, тіл туралы еліміздегі алғашқы заңды жасаушылардың бірі болғаны да анық. Сол секілді облысымыздағы мұғалімдерді жетілдіру институтына қызметке тұрған шағында ол драматургия саласына әдепкі қадамын жасайды. Оған да өмірдің өзі жол нұсқаған…

Лидия Егембердиева аталмыш қызметте жүргенде жұбайы, марқұм Жарылқасын Егембердиев Талдықорған қаласының орталығынан төрт бөлмелі үй алып, драматург қонысына қонақ ретінде қызметтестерін шақырмақшы болады. Өңшең орыс істейтін жерде Майра құрбысын, Жеңіс атты филология ғылымдарының докторы және Жайлау, Нұртай атты жас азаматтардың құлағына сыбырлап, түсте дастарқан басынан табылуын сұрайды. Сондай бір қалтарыста Нұртайды да шақырғанында, жас жігіт Лидияға: «Үйде жалғызсың ба?» деп сұрапты. Жігіттің көкейіндегі оғаш ойды басында түсінбей, артынан аңдаған драматург қулыққа басып: «Иә, жалғызбын! Тек Жайлау естіп қоймасын. Құлағына жетсе бізді мазақтап, соңымызға түсіп жүрер», – дейді. Нәзік жандыдан мұндай сөзді естіген, сақтығын түсінген жігіт те ың-шыңсыз баратынына бәтуаласыпты. Ішкі келісімге барғаннан кейін драматург кітапханаға барып «Ой біздің Нұртай әшейінде әріптесім дейді, былайша жаман ойы бар екен» деп күледі. Мұны естіген әріптестері бірден «тосынсый» жасауға келісіп, Нұртайдан бұрын үйдің бір бөлмесіне жасырынып, аяқкиімдерін тығып қойыпты. Межелі уақыт келгенде аптығып жеткен Нұртай бірден Лидияға төне түсіп, көңілінің кетіп жүргенін айта бастайды. Тіпті, бас бұрғызбай бара жатқан соң драматург: «Әй, шығыңдар! Мынау тіпті күш бермей бара жатыр» деп айқай салады. Сонда әріптестері шулап шығып, дастарқан бойы азаматтың әзілмен қамау терін алады…  

Міне, осы бір өмірдің өзі көрсетіп берген оқиғадан кейін Лидия Егембердиева қасиетті қаламын саусағына қапсырып «Әріптестер» драматургиялық шығармасын жазып шығады. Бұл драматургтың ең алғашқы комедиялық туындысы еді. 

«Нұртайдың о баста жігіт- шілік ойы болғанымен, намысты азамат екенін жұмысынан шығып, басқа бөлімге ауысып кетуімен айқындады. Ол бірақ жақсы кейіпкерім болып қалды» – деп толғанады Л. Егембердиева сөз арасында. «Өнер – өмірдің көркем көшірмесі» дегендей, әрбір шығармасын саусақ сорып, әрбір сюжетін қиялдан алатын кейбіреулердей емес, біздің кейіпкер дүние әлемі, қоғам кеңістігі көрсетіп берген ақиқатты ғана жырлап келеді. Оған жазушылық жолдағы «Жолда» атты әңгімесі мен драматургия соқпағындағы «Әріптестер» комедиясы айқын ақпар бола алады.

Сезімнің себезгі сәттерін мөлдірете жазып, адам психологиясын драма тілінде көркем сөйлететін, жан дүниенің астарында бұғып жатқан ақиқатты, сыз білдірмес сырбаздардың  сырларын да өзінің өміршең шығармасына арқау етіп келе жатқан Л. Егембердиеваның нұрлы ғұмырындай талай-талай таңғажайып естеліктер бар. Оны драматургтың өз аузынан ести отырып, шығармашылық әлемінің шұғылалы сәттері мен мұнарлы күндерін де көз алдында көлбеңдеткендей елестеттік. Сонда да жігері жасып көрмеген қайсар жаратылыс:
– Адам баласы ғұмыр бойы бақытты бола алмайды. Бәлкім, тұтас ғұмырда бақыттымын деп сезіну ақымақтардың ғана ісі шығар, кім білсін! Ал саналы адам сартап сапардың сорабында жүріп түңілген, мүжілген сәттерді бастан өткеріп, қиыншылығы Қаратаудай асуды алқына бағындырып, артынан жайма-шуақ күннің шұғыласына маңдай тоса білсе, ащы терін ақиқатың жолында шүмектете төксе, сол – бақыт! Қиыншылықтан кейін сол бастан өткерген қаралы күндерді ой елегінен өткеріп, бүгінге ділі мұқалмай, діңі шайқалмай жеткеніне шүкірлік ете білудің өзі бақыт емес пе? – деп толғанады. Бақытты ғұмыр кеше білдім деп те тебіренеді.

Иә, расында жаннат мекенде от жүрегін тулата өмір есігін ашып, руханият үшін саналы ғұмырын сарп етіп келе жатқан драматург бақыт иесі! Ол ең әуелі Алаш жұртына есімі танылған қаламгер десек, екінші әрбір шығармасы көрермен жүрегіне жол тапқан талант иелерінің бірегейі.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы, драматург Лидия Егембердиеваның от жүрегінен тамып түскен ғажайып туындылары сонау 1991 жылы «Жолы ауыр жігіт» кітабына еніп, «Соңғы тілек», «Құдағи», «Қарагүл», «Айқас» сынды әңгімелері оқырман әлемінде ерекше аталса, драматургия саласында да жемісті еңбек етіп, шығармалары еліміздің бірқатар театрында үздіксіз сахналанып келеді. Мәселен, «Әріптестер», «Қалталы күйеу, қайдасың?» комедиялары мен «Ғашық жүрек» мелодрамасы Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрында және осы аталған қос комедия мен «Егіздер» мелодрамасы  Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық сазды драма театрында, «Рекэттің махаббаты» психологиялық драмасы С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында сахналанған.  Сонымен қатар, 2008 жылы «Алғашқы танго» махаббат элегиясы Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық жастар театрында, 2009 жылы «Көресіңді көрмей…» мелодрамасы Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық сазды драма театрында және 2010 жылы «Аққу сезім» атты мелодрамасы С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында, 2011 жылы Қостанай облыстық Арқалық қазақ жастар театрында «Өкініш», 2014 жылы Атырау облысында «Жалғанған үміт» мелодрамасы қойылған. Қашанда көрерменінің сұрауына ие қойылымдарды өмірге алып келіп, өзінің телегей талантымен қоғамның қалтарыс-бұлтарысындағы дүниелерге дейін шымыр шығармасына арқау ете білген драматургтың қазақ театры мен қазақ әдебиеті көгінде алған орны бір төбе екені айтпаса да түсінікті.

Лидия Егембердиеваның шырайлы шығармашылығындағы қойылымдардың бірі әрі бірегейі қаһарман Қасым Қайсеновке қойған ескерткіштей көңілімізде тұрақтап қалған пьесасы – «Жұмақ маған бұйырмас»! Отан үшін омырауын оққа тосып, талай қиян-кескі ұрыстарды бастан өткеріп, қалың орманда жалғыз жортып, ел болашағы үшін қанжарын қанға малып, жанын аламанға тіккен қаһарман Қасым өмірі туралы жазылған осынау психологиялық драма болмысы бекзат драматургтың ғажайып шығармаларының бірі екені даусыз.

«Қасым ұлы орманда адасып, неше күн, неше түн ұлы жолды өндіріп, шөл қысып, ерні кеберсіп бір ағаштың түбінде ұйықтап қалса керек. Аштық алқымдаған, шөл шеңгелдеген батыр суық күннің ызғарын елемей шаршағаннан тынығып, оянғанында бір жақ қабырғасы жып-жылы жатыр екен. Ақырын қараса, қабырғасын жылытып жатқан елікті көреді. Сонда деймін-ау, батырдың ойына тамағын осып жіберіп, қызыл қанын қылғытып шөлімді қандырар ма едім деген сұрқай дүние оралып, қанжарын қолына ала беріпті. Артынан «мынау меңіреу медиенде адам деп пана тұтып келгенде, өлімге байлағаным болмас» деп қанжарын қынабына қайта салған екен. Елік оянып жақын маңдағы су ішіп жүрген өзенге батырды бастап алып барыпты. Ақиқат пен аңыз астасқан осы оқиғаның өзінен қаһарман ұлдың алып кеудесіндегі арпалысқа түскен жақысылық пен жамандық күресін, сол алапат күресте айбарлы азаматтың жақсылыққа жығылған тұлғалық болмысын аңдауға болады», – деп тебіренген драматург Қ. Қайсеновтің зинақорлық сынды түрлі жаман ұғымнан өзінің сарбаздарын аулақ ұстап, қатал талап қойып, қаһарман қазақ халқының айбарын асқақтатқанын да сүйсіне толғайды. Елін сүйген, елі сүйсінген ұлт перзентіне деген драматургтың алқасуыз сезімінен «Жұмақ маған бұйырмас» психологиялық драмасының туындағанын осынау толғаным мен тебіреністен де анық аңдадық.

Қазақ халқының қасиетті сөз өнеріне адал қызмет еткен, саналы ғұмырын руханиятқа арнаған Лидия Егембердиеваның дүниетанымына түп бойлап, кенді кеудесінде жатқан асыл ойларды айшықтау үшін көп толғаныс, ұзын-сонар тебіреніс керек-ақ. Самай шашын қырау шалған шаққа дейін қазағының қамын жеп,  ұлтының ұлы құндылықтарын насихаттау жолында түн қалғымай қызмет еткен, қаламын жанына серік еткен драматург, жазушы, журналистің ел сүйсінген тұлға екені де даусыз. Жетпістің желкенін жемісті көтерген қаламгерге шалқар шабыт, ғасырлық ғұмыр белесін тілеп аттанғанымызбен, күні кеше мерейтойына орай туған елінің құрметіне бөленіп, «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болғанын алғашқы болып айшықтап, мерейленуімен құттықтап қоюды да жөн санадық.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Арпа, бидай ас екен

Арпа, бидай ас екен

27.06.2026
TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.