ЖИТС-пен күресудің дүниежүзілік күніне арналған ақпараттық науқан шеңберінде «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар орталығымен бірлесе отырып, жастардың АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыруға, алдын алу тәсілдерін түсіндіруге және жауапкершілікті көзқарас қалыптастыруға бағытталған ақпараттық–ағартушылық кездесу өтті.
Іс-шараны «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК, аурудың алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі М.Матембаева ашып, жастарды заманауи қорғану әдістері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы дер кезінде ақпараттандырудың өзектілігін атап өтті. Орталық мамандары ВИЧ-тің берілу жолдары, ерте диагностикалау мүмкіндіктері және алдын алудың тиімді шаралары туралы өзекті мәліметтер ұсынды.
М. Матембаева сондай-ақ «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК орталықтың жұмыс бағыттары және АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу аясында көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен баяндады. Ол жастардың хабардарлығын арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру үшін уақтылы ақпараттандыру, кеңес беру және профилактикалық шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Сөзінің соңында ол барлық қатысушыларды орталыққа келіп, тегін әрі құпия түрде тексеруден өтуге шақырды. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жұмысты жалғастырып, түрлі халық топтарына арналған ағартушылық бағдарламаларды жүргізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.






