Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жүзу бассейні ашылды

15 мамыр 2025
КҮЛТӨБЕ
Жүзу бассейні ашылды

shutterstock.com

WhatsAppTelegramFacebook

Бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп отырған аймақтың бірі – Панфилов ауданы. Демеушілермен тығыз байланыс орнатқан аудан басшылығы тұрғындардың спортпен еркін айналысуына жағдай жасап келеді. Жақында Жаркент қаласында жабық жүзу бассейні ел игілігіне берілді. «Самат» жүзу орталығы» деп аталатын жаңа нысанды кәсіпкер Абай Жұрқабеков өз қаржысына салдырған.

Жаркенттегі жүзу орталығының ашылу салтанатына ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл, аудан әкімі Марат Сағымбек және өңірдің спортсүйер қауымы қатысты. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Марат Сағымбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес спорт кешендері кейінгі жылдары Атамекен, Үлкеншыған, Үшарал ауылдары мен Жаркент қаласында пайдалануға берілгенін атап өтті.

Жалпы көлемі 2 мың шаршы метрге тең жүзу орталығында 40 адам жұмыс істейді. Олардың жетеуі жаттықтырушы, екеуі құтқарушы болса, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге медициналық көмек көрсететін мамандар арнайы дайындық курсынан өткен. Орталық 3 жасқа дейінгі, орта жастағы балалар және ересектерге арналған жүзу бассейндерін қамтыған 3 бөліктен тұрады. Күніне 70 адамды қабылдайтын жүзу орталығында мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалыс қимылдарын жаттықтыратын мүмкіндіктер қарастырылған. Ақылы қызмет көрсететін орталықта әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасының мүшелеріне жеңілдік беріледі.

– Жазиралы Жаркент өңірінде ел спортына өлшеусіз үлес қосқан дәулескер спортшы көп. Осы дәстүр жалғасуы керек. Келешекте балаларымыз биіктерді бағындыру үшін барлық талапқа сай, ыңғайлы әрі қолайлы жүзу орталығын салуды жөн көрдік, – дейді жабық орталықты салған кәсіпкер Абай Жұрқабеков.

– Келушілерге қолайлы болу үшін 30 адамға арналған кафетерий, киінетін орын, техникалық қауіпсіздік құралдары қарастырылған. Бұдан басқа, біз тірек-қимыл мүшелерінде ақауы бар балаларға қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз. Жаттығушыларға қызмет көрсету ақылы. Алайда әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасының балаларына жеңілдіктер бар, – дейді орталық директоры Қуаныш Абай.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Қатысты жаңалықтар

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Бүгін, 09:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.