Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстанда жаңа айыппұл түрі пайда болды

18.03.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Қазақстанда жаңа айыппұл түрі пайда болды

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын бұзған кәсіпкерлерге енді айыппұл салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған өзгерістер туралы сауда және интеграция министрлігіне қарасты тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді.

«13 наурызда Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске ауқымды өзгерістер енгізілді. Бұған дейін тұтынушылардың құқықтарын бұзған кәсіпкерлерге тек ескерту жасалатын. Бұл ӘҚБК-ге сәйкес ресми санкция болатын. Енді тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері бизнес субъектісінің көлеміне байланысты сараланады. Шағын бизнес үшін – 15 АЕК (2025 жылы 58 980 теңге), орта бизнес үшін – 20 АЕК (78 640 теңге), ірі бизнес үшін – 25 АЕК (98 300 теңге). Көріп отырғандарыңыздай, бұл айтарлықтай қатаңдату шарасы», – деді Серік Құсайынов.

Тұтынушылардың құқықтары туралы ақпаратты дұрыс орналастырмаған, шағымдарға уақытында жауап бермеген, тауарды қайтару мерзімдерін бұзған кәсіпкерлер айыппұл арқаламақ.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, 2024 жылы министрлікке қазақстандықтардан 62,5 мың түрлі шағым түскен. Ал 2025 жылдың алғашқы екі айында олардың саны 10 мыңнан асып кеткен. Қазақстандықтардың ең көп шағымданатын салалары – туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ), денсаулық сақтау және сауда.

Айта кетейік, ӘҚБК-ге енгізілген жаңа түзетулер келесі өзгерістерді де қамтиды:

— Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін заңсыз арттырғаны үшін (ӘҚБК-нің 204-4-бабы) айыппұл көлемі артады: жеке тұлғалар мен шағын бизнеске – 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге), орта бизнеске – 35 АЕК (137 620 теңге), ірі бизнеске – 150 АЕК (589 800 теңге).

— ӘҚБК-нің 173-бабы «Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы» 2-бөліммен толықтырылады: егер лауазымды тұлға бір жыл ішінде кәсіпкерлік қызметке қайтадан заңсыз араласса, оған 200 АЕК (2025 жылы 786 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Фото: abcnews.go.com

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

25.05.2025
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.