ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шегара қызметі Алакөл ауданы бойынша шегара басқармасында «Күз – 2024» шақырылымы сарбаздарының Ант қабылдау рәсімі өтті.
Бес жүзге жуық сарбаз Отан алдында ант қабылдағаннан кейін ҚР ҰҚК шегара қызметі Жетісу облыстық департаментінің бастығы, полковник М. Нарбаев жас сарбаздардың әскери қызметтеріне ақ жол тіледі.
Осыдан кейін сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары да ізгі тілектерін білдірді. Соңында сақшылар қоян-қолтық ұрыстағы жаттығуларын, қызметтік итті қолдану арқылы шегара бұзушыларды құрықтауға арналған әдіс-тәсілдерді көрсетті.





