Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Депутат Бақытжан Базарбек декларациядан бас тартуға қарсы шықты

21.11.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Депутат Бақытжан Базарбек декларациядан бас тартуға қарсы шықты

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жалпыға бірдей декларациялаудың IV кезеңінің болмайтынына алаңдаулы. Заңшығарушы мұндай шешім елдегі жемқорлықтың өсуіне ықпал етуі мүмкін екенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бақытжан Базарбектің айтуынша, енді шенеуніктер өздерінің көлеңкелі схемаларын қаржылық есеп беруден босатылған тұлғалар арқылы жүзеге асырады.

“Қазіргі заманда жемқор қалай ойлайды? Мемлекеттің мүлкін, ақшасын өзі емес, үшінші және төртінші тұлғалар арқылы алу туралы ойлайды. Осылайша бұл іске оның жақындары, отбасы, туыстары араласады. Сондықтан бірнеше жылдан кейін бұл мәселеге қайта оралуымыз керек”, – дейді депутат.

Айта кетейік, қазақстандықтардың бәрі бірдей декларациялаудан босатылмайды. Мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектордың басшыларының әйелдері мен күйеулері қаржылық есеп беруді жалғастырады. Сондай-ақ 20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алған азаматтар мен Қазақстаннан тыс жерде мүлкі барлар, сондай-ақ кәсіпкерлер декларация тапсыруға міндеттелді. 

Қаржы министрінің айтуынша, мұндай шешім мәліметтерді жан-жақты сараптаудан өткізгеннен кейін қабылданды.

“Егер жеке тұлға өзінің көлеңкелі кірісін жасырмақ болып оны басқа жеке тұлғаға қайта тіркейтін болса, онда ол қайта тіркеуге алынған жеке тұлға декларация тапсыруы тиіс. Оның алдында қымбат мүлікті сатып алу үшін қаражатты қайдан алды деген сұрақ туады”, – дейді Қаржы министрі Мәди Такиев.

 

Фото: pkzsk.info-дан алынды

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.