Талдықорған: +21°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Хат-хабар жоқ»: колледжде көз жұмған студенттің туыстары полицияның жұмысына шағымданды

01.04.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
"Хат-хабар жоқ": колледжде көз жұмған студенттің туыстары полицияның жұмысына шағымданды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы инновациялық колледжде қайтыс болған 16 жастағы қыздың туыстары қылмыстық іс әлі қозғалмағанын айтып, полицияның жұмысына наразы екендіктерін жеткізді.

Қайғылы оқиға 28 ақпанда болған. 16 жастағы студент Зарина Берікқызы өмірден озардан санаулы сағат бұрын анасымен сөйлескен.

«28 ақпанда түскі уақытта қызыма колледжге бардық. Кешке қарай 19:30 шамасында ватсаппен сөйлестім. Бірақ денсаулығына шағым айтқан жоқ. Сатып алған кофтасының видеосын жіберіп, қызым көңілді еді. Сағат 20:00-ден кеткенде, яғни жарты сағаттан соң кураторы «Зарина ауырып тұр, бірақ келмей-ақ қойыңыз, жедел жәрдем шақырып қойдық» деді», — дейді марқұм студенттің анасы Жазира Тоғасбаева.

Араға он минут салып, куратор қайта хабарласады.

«Куратор «Зарина талып жатыр, келіңіз» деді. Араға жарты сағат салып барсақ, екі жедел жәрдем көлігі тұр. Кабинетте екі фельдшер, екі жедел жәрдемнің жүргізушісі, комендант пен бір студент қыз бар, бізді мүлдем кіргізбеді. Есікті ашпай қойды, «бала системада жатыр» деп бізді жолатпады», — дейді марқұм қыздың анасы.

Оқиға жатақханада болған. Колледж басшыларының бәрі сол жерден табылған. Олар қыздың анасын сабырға шақырумен болады.

«Содан 2-3 күн бұрын қызымның бөлмесін ауыстырып жіберіпті. Жаңа бөлмесіне барсам, қызымның бар затын жинап қойыпты. Қызымның өлгені туралы айтпай тұрып, бүкіл киімін жинап тастаған. Сол күні сағат кешкі тоғызда бардық, коменданттық бөлмені тек түнгі 11 шамасында, үш сағат өткен соң бір-ақ ашты. Үш сағат не істегендерін білмейміз, мен кіргенде қызымның денесі көгеріп, суып кеткен», — дейді Жазира Тоғасбаева.

Арада бір айдан астам уақыт өтсе де қылмыстық іс сол күйі қозғалмай тұр, дейді марқұмның туыстары.

«Істі Дина Жанатқызы деген тергеушіге берді. Ол адамнан ешбір хат-хабар жоқ, іздеп барсақ ол ауырып жатыр екен, жұмыста жоқ. Медэкспертизаның алғашқы сараптама қортындысында улы заттан уланған делінген. Енді сол уланған заты не зат, асқазанынан не табылды деп сұрасақ, ешкімнен еш жауап ала алмаймыз», — дейді студенттің анасы.

Марқұмның туыстары қалалық полиция басқармасының есігін қағумен күні өткен, тіпті прокуратураға шағымданады. Прокуратура полиция басқармасы басшысының орынбасары Сырым Жомартовқа жібереді. Орынбасар бір ай бір күн өткен істі басқа тергеушіге береді.

«Сырым Жомартов медэкспертиза жауабын біліп берем деп еді, ватсабыма «медэкспертиза шақыртуға кетіп қалыпты» деп жазып жіберіпті. Бұл іс әлі күнге бір орыннан қозғалған жоқ. Ал жатақханадағы студенттердің бірі «Зарина коменданттық бөлмеде құлады» дейді, енді бірі баспалдақтан құлады дейді. Ол студенттерге де бізді жолатпайды», — дейді қайғыдан қан жұтқан ана.

Ал полицияның айтуынша, қажетті сараптамаларды белгілеп, қылмыстық іс қозғаған.

«ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіне «облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс материалдарының көшірмелері бөлінді. Сондай-ақ ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқық бұзушылық пен заңның басқа да бұзушылықтарын жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша Жетісу облысының білім басқармасына ұсыныс енгізді», — дейді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан
Фото: Абзал Калиев

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.