Енді Қазақстанда тұрғын аудандарда көліктің қозғалтқышын 5 минуттан артық қосып қоюға тыйым салынды.
Айыппұл мөлшері:
Алғаш рет бұзсаңыз – 5 АЕК (19 660 теңге).
Қайталасаңыз – 10 АЕК (39 320 теңге).
Ереже бұзғанын дәлелдеу үшін:
Тіркеу нөмірі, уақыт пен күн көрсетілген бейнежазба қажет.
Тәртіп ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 17.2 тармағына және ӘҚБтК-нің 597-бабының 1-бөлігіне сәйкес енгізілген.





