Талдықорған: +18°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЕҢ АЛДЫМЕН ЕЛ ИГІЛІГІН ОЙЛАУЫ КЕРЕК — ЛӘЗЗАТ БЕЙСЕҚҰЛОВА

22.10.2022
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЕҢ АЛДЫМЕН ЕЛ ИГІЛІГІН ОЙЛАУЫ КЕРЕК - ЛӘЗЗАТ БЕЙСЕҚҰЛОВА
WhatsAppTelegramFacebook

Кез келген мемлекеттің дамуы мен жетістікке жетуі ең алдымен сапалы маманға тікелей байланысты. Осыған орай біз мемлекеттік қызмет саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларын білу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат БЕЙСЕҚҰЛОВАМЕН сұхбаттасқан едік.

— Ләззат Мұқатайқызы, мемлекеттік қызметке іріктеуді цифрландыру қалай жүзеге асырылады?

— Негізгі міндет — кәсіби мамандарды мемлекеттік қызметке тарту. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке кіру үшін артық кедергілер мен тосқауылдарды алып тастау және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген азаматқа ашық болуына қатысты жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту, яғни, артық қағазбастылықтан және ешкімге қажеті жоқ жиындардан босату үшін жұмыстар жүргізілуде.

Өздеріңіз жұмыс жасап жүрген «Е-қызмет» базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесі толық цифрландырылуда. Ал, 2023 жылы басқа да кадрлық өзгерістер, мысалы, ротация, тағылымдама (стажировка), біліктілікті арттыру және басқа да қызметтер автоматтандырылады. 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметке іріктеуді прокторинг технологиясын қолдану арқылы онлайн түрде өткізуді жоспарлауда.  Алматы облысында меритократия қағидатын ілгерілету жұмыстары қарқынды жалғасуда, бүгінде бұл көрсеткіш 68,5% құрады.

— Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?

— Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру — сервистік аппаратты қалыптастырудың негізі. Адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселесі әрдайым өзекті. Мысалға, өңірімізде 15 сервистік әкімдік ашылып, 96 346 қызмет көрсетілді және 1244 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары департаментпен ұйымдастырылған.

— Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзған фактілер тіркелді ме? Егер тіркелсе, қандай шаралар қолданылды?

— Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қоғам айнасы. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, халық арасында мемлекеттік қызмет туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптастыру қажет.

Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бізге қадағалаушы органдардан бірқатар мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға әуестігі және ойын-сауық мекемелерінде табыстарына сәйкес келмейтін соманы жұмсау фактілері бойынша мәліметтер келіп түсуде. Кодекспен мемлекеттік қызметшілерге қарапайым болу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмау талаптары қойылған. Мемлекеттік қызметшілерге басқа да азаматтармен қатар қандай да бір ойын-сауық орындарына баруға тікелей тыйым салынбаған. Алайда олардың жеке табысынан бірнеше есе артық ақшаны ойын-сауық орындарында жұмсауы қоғам тарапынан сын тудыруы ықтимал.

Ерекше ескертетін жайт, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану талаптары сақталған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық тәртіпке қол сұғумен ұштасқан, қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.

— 25 қазан – Республика күніне орай қандай шаралар атқарылуда?

— Республика күніне орай «Қамқорлық» айлығы аясында әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарды қолдау мақсатында «Жанашыр жүрек» акциясы өтуде. Дана халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің», — дейді. Біз өзін қоя тұрып, өзгені ойлап, тұрмысы төмен отбасыға, тағдыры қиын ағайынға қолда барын бөліп беретін дарқан мінезді, кеңпейіл ұлт емеспіз бе?!

Сондықтан, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері аталмыш акцияға бірінші болып атсалысты. Біздің қызметкерлер Қонаев қаласы мен Қарасай, Кеген, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Ұйғыр, Іле, Балқаш аудандарына барып, көпбалалы отбасына азық-түлік себеттерін, ауылдағы жалғызбасты, тыл ардагерлерінің үй шаруаларына көмектесіп, қолдау білдірді. Сонымен қатар, «Өнерім саған, Қазақстан» атты бейнеқұттықтау челенджі жолданды.

Біздің міндет – халыққа көмектесу. Мемлекеттік қызметші өзінің емес, елдің игілігін ойлауы керек. Мен үшін қашанда ел игілігі жолында қызмет атқарудан артық бақыт жоқ. Сондықтан, біздің департамент жүйелі жұмыстар атқарып, өз құзыреті аясында халыққа қызмет көрсетуін жалғастыра береді.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан — Айдар ҚАЛИЕВ

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

03.07.2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

03.07.2026
Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Құқықтық мемлекет жолындағы соны үдеріс

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.