Талдықорған: +14°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Премиум-класс автокөлігі, 6 элиталық пәтер»: агрокәсіпкер Алмасбек Садырбай ісіне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

14.02.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
«Премиум-класс автокөлігі, 6 элиталық пәтер»: агрокәсіпкер Алмасбек Садырбай ісіне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

Прокуратура белгілі фермер, Shopan-ata қой өсірушілер қауымдастығының басшысы Алмасбек Садырбай ісі бойынша тергеу барысына түсініктеме берді. Тергеу барысында кәсіпкердің мүлкіне тыйым салынып, 2024 жылғы екі премиум-класс автокөлігі, алты элиталық пәтер және жеке үйі бар екені анықталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Бесінші аймақ» басылымына сілтеме жасап.

Қоғам қайраткері және агробизнеске қолдау көрсетуімен танымал белсенді Алмасбек Садырбай тергеу изоляторында қалуда – оның қамау мерзімі ұзартылды. Былтыр қараша айында қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі Садырбайдың алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес Алмасбек Садырбай ұйымдасқан топты басқарып, мемлекеттен бөлінетін субсидияларды жымқыру үшін алаяқтық схема жасаған. Садырбай 1,2 миллиард теңге көлемінде заңсыз субсидия алған деген күдікке ілінді.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, 2021-2024 жылдар аралығында Садырбай сыбайластарымен бірге жалған қызмет ұйымдастырып, заңсыз схема құрған. Олар ауыл шаруашылығы кооперативтері мен 1 000-нан астам шаруа қожалықтарын пайдаланып, малды қолдан ұрықтандыру бойынша жалған құжаттар дайындаған. Осылайша, олар ауыл шаруашылығы басқармасына жалған мәліметтермен субсидия алуға өтінімдер тапсырған. 

Мемлекеттік қаржы олардың есепшоттарына аударылып, кейін 50-ден астам аффилиирленген компаниялар арқылы таратылған. Бұл компаниялар Садырбайдың туыстары мен достарының атына тіркелген. 

Прокуратура мәліметінше, бұл алаяқтықтың кесірінен мыңнан астам отбасы зардап шеккен болуы мүмкін. Тергеу барысында нағыз фермерлерге тек аз ғана өтемақы төленгені, ал қаржының негізгі бөлігі жалған кәсіпорындардың шоттары арқылы шығарылғаны анықталды. Бұл субсидиялар аясында ешқандай жұмыс атқарылмаған, тауарлар мен қызметтер жеткізілмеген. Соған қарамастан, Алмасбек Садырбай жылдар бойы өзін фермерлердің құқығын қорғаушы ретінде көрсетіп келген. 

Кәсіпкер сұхбаттарында және әлеуметтік желілерде «Біздің мақсатымыз – жер алу рәсімін жеңілдету және фермерлер үшін субаренда жүйесін заңдастыру» деп мәлімдеген. Алайда тергеу оның заңдағы осал тұстарды жеке пайдасы үшін пайдаланғанын көрсетіп отыр. Бұл кәсіпкердің аграршыларды қолдау туралы ашық мәлімдемелеріне қайшы келеді дейді тергеу.

Тергеуге байланысты Садырбайдың мүлкіне тыйым салынды: 2024 жылғы екі премиум-класс автокөлігі (седан және кроссовер), алты элиталық пәтер және жеке үйі бар. Садырбай тағылған айыптарды мойындамай отыр. Алайда прокуратурада оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар бар екенін, соның ішінде қаржылық құжаттар, ақша аударымдары туралы мәліметтер мен басқа да дәлелдер барын мәлімдеді. Журналистермен байланысқа шығып жатқан фермерлер өздерін жәбірленуші ретінде көрсетіп отыр.

Айта кетейік, Алмасбек Садырбай – белгілі фермер, Shopan-ata қой өсірушілер қауымдастығының басшысы. Кәсіпкер шағын шаруа қожалықтарын қолдауды жақтап, шенеуніктерді ауыл тұрғындарының мәселелеріне немқұрайлы қарады деп сынап келген. Сонымен қатар фермерлердің мүддесін саяси деңгейде қорғау үшін аграрлық партия құру ниетін де білдірген еді.

Фото: Ulysmedia

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.