Жетісу облыстық Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жетісу облысы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, 33 жастағы күдікті ер адам ұстады.
Оның сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде «аса ірі мөлшерде» синтетикалық тектес есірткі құралдарын сақтауда қатысы бар болып шықты.
Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей ұстау кезінде күдікті жиналмалы пышақ қолданып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Алайда, «Арлан» ОЖВ қызметкерлерінің кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде ер адам ұсталып, жиналмалы пышақ заттай дәлел ретінде тәркіленді.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған зат синтетикалық тектес есірткі — «Мефедрон» — жалпы салмағы шамамен алты грамм.
Қазіргі уақытта, күдіктіге қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды, одан әрі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
«Жетісу-Ақпарат»
Фото: видеодан алынған кадр





