Талдықорған: +17°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ САҚАДАЙ-САЙ. ШЕТЕЛДЕН БАҚЫЛАУШЫЛАР КЕЛІП ЖАТЫР

08.11.2022
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ САҚАДАЙ-САЙ. ШЕТЕЛДЕН БАҚЫЛАУШЫЛАР КЕЛІП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы жылдың ең маңызды саяси науқаны – Президент сайлауына аз ғана күн қалды. Осыған орай біз Қарасай аудандық аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ғалия Амановаға жолығып, сайлауға дайындық барысын сұраған едік.

— Қарасай ауданы бойынша 1 аумақтық және 101 учаскелік сайлау комиссиясы бар, – деді Ғалия Матанқызы сөз басында. – Учаскелік сайлау комиссияларының құрамында 817 адам  еңбек етуде. Ал, аумақтық комиссияда 7 адам болса, оның екеуі – төраға мен хатшы кәсіби негізде жұмыс жүргізіп келеді.

Бүгінгі күнге Қарасай ауданы бойынша 192 280 сайлаушы тіркелген. Ауданымыз Алматы қаласының іргесінде болғандықтан, ішкі, сыртқы миграция маңызды орын алады. Яғни, сайлаушылардың саны күннен- күнге көбейіп келеді. Мысалы, бүгіндері бізде 101 сайлау учаскесі болса,  келесі жылы олардың саны 111-ге жетуі әбден мүмкін. Себебі, қолданыстағы заң бойынша сайлаушылардың саны 3 мыңнан асатын болса, жаңа учаске ашуға міндеттіміз.

Сайлау учаскелері сайлаушылардың  тізімін жергілікті атқарушы органдардан алып, қазір сол тізім бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Сайлауға 10 күн қалғанға дейін шақыру қағаздарын таратып, өзге жаққа кететіндерге бекіту қағаздарын беріп үлгеруіміз керек.

— Жалпы, сайлау учаскелерінің дайындығы қандай?

— Барлық учаскелерге күнтізбелері ілінді, банерлер мен билбордтар, атап айтқанда 18 билборд, 164 банер көрнекі жерлерден көрінуде. Біздің қызметімізге үгіт-насихат жұмыстары кірмейді, ал халықты құлақтандыратын хабарландыру парақшалары таратылған. Сонымен қатар, сайлау комиссиялары қажетті техникалық құралдармен толықтай қамтамасыз етілген. Оның ішіне компьютерден бастап, сайлау жәшіктеріне дейін кіреді.

Қараша айынан бастап тәулік бойы кезекшілік жасау жолға қойылған. Кез келген адам өзін толғандырған сұраққа жауабын ала алады. Немесе, үйінде отырып-ақ аудан әкімшілігінде ашылған колцентрге 2-99-81 нөміріне хабарласып, барлық ақпаратты алуына болады. Кез келген адам өзінің ЖСН нөмірі бойынша облыстық сайулау комиссиясының орталығына шығып, ақпарат алуына мүмкіндік туғызылған.

— Сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері туралы айта кетсеңіз?

— Біздегі сайлау учаскелерінің 70-80 пайызы мектептер мен колледждерде, балабақшаларда орналасқан. 7 учаскеміз дәрігерлік амбулаторияда, 6 учаске ғана жекеменшік ғимаратта орналасқан. Оларда сайлау науқанының қалыпты өтуіне қажетті барлық жағдай жасалған. Негізінен аудан жауапты саяси науқанды жоғары деңгейде өткізуге дайын деп айта аламын.

— Алматы қаласында еңбек етіп, Қарасай ауданында тіркеусіз тұрып жатқан адамдар көп екенін білеміз. Солардың сайлау құқығы қалай атқарылады?

— Осындай мәселелерге байланысты қызметтің жаңа түрі қалыптасты. Алматы облысы бойынша ірі бес ауданда, атап айтқанда, Іле, Қарасай, Талғар, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарындағы бір-бір учаскеге халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері қосымша бекітіліп берілді. Олар белгілі бір мекенжайда бірнеше жылдан бері тіркеусіз тұрып жатқан адамдарды бір күнге  тіркеуге алып, дауыс беру құқығын пайдалануға мүмкіндік жасайтын болады. Ертеңінде  ол адам автоматты түрде тіркеуден шығарылады. Демек, алдағы уақытта өзі барып тіркелуге міндетті.

— Сырттан келгендер, өзге жаққа кететіндер бар ма?

— Әзірге ондай өтінішпен келіп жатқандар жоқ. Алайда сайлау жақындағанда келушілердің болатыны кәміл.

— Сайлауды бақылаушылар тіркеліп жатыр ма?

— Әзірге шетелдік бақылаушылар тіркелуде. Мысалы, Словения мен Францияның өкілдері учаскелермен танысып жүр. Ал, өзіміздің  адамдар жақындағанда келеді деп күтілуде. Бақылаушылар  негізінен белгілі бір партияның немесе қоғамдық ұйымның атынан келе алады. Бұл жерде де партия мен қоғамдық ұйымның  жарғысында бақылаушы жіберу құқығы көрсетілуі шарт.

Осындай ұйымның мөрі басылған ресми қағазбен келген адам ғана сайлауды бақылауға жіберілетін болады. Кейбіреулер, президенттікке үміткердің  сенімді өкілі де бақылаушы бола алады деп түсінеді. Бұл олай емес екенін айта кеткім келеді.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан – Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

03.07.2026
Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

03.07.2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

03.07.2026
Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Құқықтық мемлекет жолындағы соны үдеріс

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.