Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сенат үшінші тұлғалардың сәлемдеме алуына рұқсат беретін заңды мақұлдады

30.01.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Сенат үшінші тұлғалардың сәлемдеме алуына рұқсат беретін заңды мақұлдады

2024 жылғы 30 қаңтарда Сенат депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алулар, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенатор Әлібек Наутиевтің сөзінше, заң пошта қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету, сауда кемелерімен жүзу саласындағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. 

 

«Заңмен Қазақстан Республикасының 2 кодексі мен 7 заңына түзетулер енгізіледі. Пошта саласындағы заңнаманы жетілдіру аясында келесі нормалар қарастырылған. Жыл сайын пошта жәшіктері арқылы жіберілетін қарапайым хаттардың көлемі төмендеуіне байланысты, пошта жәшіктеріне қатысты ережелер алынып тасталады. Сонымен қатар, заң аясында ғимараттар мен көппәтерлі тұрғын үйлерде поштаматтарды орналастыру мәселелері реттеледі. Айта кету керек, заңда абоненттік жәшіктерге қатысты нормалар сақталады. Пошта операторлары қызметтерін пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін сәлемдемені үшінші тұлғаға беруге рұқсат беру ұсынылады, ол үшін алушының келісімі ПИН-код немесе QR-код сканері арқылы алынуы мүмкін», – деді ол.

Сенатордың айтуынша, ұлттық оператор – «Қазпошта» АҚ-ға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау және сақтау құқығы беріледі.

«Заңмен «декларацияланған құны бар пошта жөнелтілімі» ұғымы енгізіледі және мұндай жөнелтілімдерге қатысты пошта операторларының жауапкершілік шарттары нақтыланады. Сонымен қатар, субсидиялау механизмін жетілдіру мақсатында байланыс саласындағы әмбебап қызметтер тізімінен тіркелмейтін бандероль мен пошталық ашық хаттарды жіберу қызметтері алынып тасталады. Осылайша, бұл қызметтер енді субсидияланбайды, өйткені олар өзектілігін жоғалтқан. Айта кету керек, соңғы бес жылда мемлекеттің әмбебап қызметтерді субсидиялау көлемі 3,4 млрд теңгеден 654 млн теңгеге дейін қысқарды. Заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға пошта байланысы бөлімшелерін сақтау шараларын қабылдау құзыреті беріледі. «Қазпошта» бөлімшелерді жабу туралы шешім қабылдаған кезде әкімдіктерді жоспарланған жабылу күнінен кемінде үш ай бұрын хабардар етуге міндетті», – деп толықтырды Әлібек Наутиев.

Оның айтуынша, «Қазпошта» деректері бойынша, Қазақстанда 2834 пошта бөлімшесі жұмыс істейді.

«Олардың 2054-і ауылдық жерлерде орналасқан, бірақ ауылдағы бөлімшелердің көбі шығынды. Бұл норма жергілікті атқарушы органдарға пошта инфрақұрылымын сақтау бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ұлттық заңнаманы халықаралық реттеу стандарттарына сәйкестендіру мақсатында «декларацияланған құны бар пошта жөнелтілімі» ұғымы енгізіледі. Бұған қоса, мемлекет тарапынан ақпараттық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған нормалар қарастырылған, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың сымсыз байланыс арналарының техникалық қорғалуы және мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру мақсатында «әлеуметтік әмиян» жобасын бекіту жөніндегі нормалар көзделеді», – деді сенатор.

Бұған дейін Қазақстанда электрондық сауданы дамыту мақсатында мультимодальды қоймалар қай жерде салынатыны белгілі болған еді.

 

Фото: kaz.people.cn-нен алынды

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.