Талдықорған: +18°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ: ПОЛИЦИЯ ЖАҢА ЕРЕЖЕНІ ТҮСІНДІРДІ

17.01.2023
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ: ПОЛИЦИЯ ЖАҢА ЕРЕЖЕНІ ТҮСІНДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қонаев қаласындағы өңірлік коммуникация алаңында шетелдік автокөліктерді заңдастыру тақырыбында баспасөз мәжілісі өткізілді. Маңызды шараға Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Тіленшин қатысып, шетелдік автокөліктерді тіркеу және оның заңдылықтары жайында кеңінен тарқатып айтып берді.

Баршамызға мәлім, Мемлекет басшысы елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді бір реттік заңдастырудан өткізу міндетін қойып отыр. Осы тапсырманы орындау мақсатында бірқатар нормативтік құжатқа қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілген.

Баспасөз мәжілісінде Арман Қайбарұлы ҚР Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіріп, кәдеге жарату алымының күші жойылғанын мәлімдеді. Сонымен бірге, 200 мың теңгелік баж салығының заңдылықтарын баяндап, заңдастыру жұмысы арнайы акция аясында осы жылдың 23 қаңтарынан басталатынын айтты.

— Көрсетілген қағидаларға сәйкес, автокөліктер қандай жағдайда заңдастыруға жатады? Біріншіден, көлік құралына 200 000 теңге алым төленеді және утилалымнан босатылады. Осы ереже негізінде заңдастыруға жататын нақты өлшемшарттары белгіленеді. Екіншіден, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген болуы керек. Үшіншіден, қандай да бір іске қатысты іздеуде болмауы қажет. Төтріншіден, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуға тиіс. Соңғы талап – кедендік тазартудан өтіп, оң сараптамасы берілуі міндетті, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары.

Айта кетейік, 200 000 теңгелік баж салығы мен утилалымнан босату міндеттемесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне» (Салық кодексіне) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы аясында қолданысқа енгізіліп отыр. Одан бөлек, Үкімет биылғы жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын алғаш тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекіткен болатын.

— Бұл ережелер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни, 16 қаңтарда жарияланғанын ескере отырып, олар 2023 жылдың 23 қаңтарында (дүйсенбіде) күшіне енетінін және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісетінімізді мәлімдейміз. Ереже 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын және орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автомобильдеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде, оң жақты басқару рулі бар автокөліктерге де жарамды, – деді Арман Тіленшин.

Брифингте белгілі болғанындай, бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің жылына және экологиялық сыныбына ешқандай талап қойылмайды.

Жиыннан кейін журналистер тарапынан бірнеше сұрақ қойылды.

Мәселен, «Автокөліктерді заңдастыру қалай жүзеге асырылады?» деген сұраққа полиция өкілі: «Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы АвтоХҚКО-ға жеке жүгіну арқылы беруге болады. АвтоХҚКО-да арнайы сектор ұйымдастырылады, олар тек автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, сол жерде Әкімшілік полиция қызметкері отырады. Олар заңдастыру тәртібін түсіндіреді. Онда мемлекеттік кіріс органдарының қызметкері де жұмыс істейді. Олар қажет болған жағдайда кедендік төлемдерді төлеудің тәртібін айқындайды», – деп жауап берді. Ал «Қандай құжаттарды ұсыну қажет?» деген сауалға полиция өкілдері төрт түрлі құжат керек екенін алға тартты. Оның біріншісі өтініш жазу, екіншісі жеке куәлік, үшіншісі көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік, сондай-ақ, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат қажет.

Брифинг қорытындысында Арман Қайбарұлы бұл шара уақыты шектеулі бір реттік шара екенін еске салып: «Заңдастырудан өтпейтін немесе 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген және Қазақстан азаматтарымен жалпы тәртіппен тіркелмейтін автокөліктер ел аумағында заңсыз болып есептелетінін тағы бір рет хабарлаймын», – деді.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Қонаев қаласы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

03.07.2026
Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

03.07.2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

03.07.2026
Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Құқықтық мемлекет жолындағы соны үдеріс

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.