Текелі қаласының прокуратурасы нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыра отырып кәмелетке толмағандар арасында үгіт-насихат жұмысы қарқынды іске асады.
Атап айтқанда, қала прокуратурасы Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен, білім бөлімімен және «Делай добро! Текели» қоғамдық ұйыммен есірткіні қолдану мен таратудың алдын алу бойынша орта және арнаулы білім беру ұйымдарының оқушыларымен (400 адамды қамти отырып) ауқымды кездесу өткізді.
Кездесу «Есірткісіз өмір» тақырыбында «Mi BATTLE» зияткерлік ойын форматында өтті.
Бұл іс-шара жастар арасында есірткісіз өмірді насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүлделі орындарға ие болған командаларға бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етті.
Бұл бағыт қала прокуратурасының ерекше бақылауында.





