Сарыөзек ауылынының «Әбікен Сарыбаев» атындағы Мәдениет үйінде облыстық ПД бастығы С. Құсаиновтың аудан тұрғындарымен кездесті.
Басқосуда С.Құсаинов облыстық полиция департаментінің былтыр атқарған жұмысын баяндады.
– Былтырғы көрсеткіш бойынша облыста қылмыстың жалпы саны 14 пайызға төмендеді. Кербұлақ ауданы бойынша тіркелген қылмыстардың саны 8,1 ұрлық 26,4, мал ұрлығы 33,3 пайызға төмендеген. 2024жылдың нәтижесі бойынша республика рейтингінде 5-орынға табан тіредік. Бұл көркеткіш тек полицияның ғана емес, біздің қоғам болып ел болып, береке бірліктің сақтап қалуының жемісі, – деді ол.
Кездесуде аудан тұрғындары көкейінде жүрген сауалдардарына жауап алды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің жұмысына үлкен көмегін тигізетін қызметтік иттердің барлық мүмкіншіліктері көрсетілді. Кездесу соңында облыстық ПД бастығы аудандағы белсенді азаматтарға Алғыс хат табыстады.
Бауыржан ҚАСЫМХАН,
ЖУ-дің студенті
Фото: Жетісу Облысының Полиция Департаменті





