Талдықорған: +10°C
$ 525.28
€ 607.85
₽ 6.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Заңсыз әрекеттің зардабы ауыр

28.01.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Заңсыз әрекеттің зардабы ауыр
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Саян Ахметжанов өңір активімен кездесу өткізді. Оған қала, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау орындарының қызметкерлері қатысты.

Жиында Саян Ахметжанов өткен жылы аймақта жемқорлықтың жолын кесу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде жан-жақты дәйекті, сарапты баяндама жасады. 

– Денсаулық сақтау саласында 400 миллион теңге көлемінде 27 медицина мекемесі басшыларының заңсыз қосымша төлемақылары түріндегі бюджетке келтірген залалдарының алды алынды. Профильді басқарманың лауазымдық жалақылар мөлшерін бекіту туралы бұйрығының күші жойылды. Денсаулық сақтау министрлігімен еңбекақыны есептеудің бірыңғай әдістемесі әзірленуде. Білім беру саласында күмәнді аударымдар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен ай сайын салыстыру жұмыстарын жүргіземіз. Республика бойынша бухгалтерлерге ЭЦҚ кілттерін заңсыз беруді шектейтін және басшылардың дербес жауапкершілігін арттырған «Favoritmobile» смартфондарға арналған қосымшасын кеңейттік. Колледждердің қызметіндегі 66 миллион теңге көлеміндегі заңсыз төлемдер қайтарылды. Лауазымдық жалақы мөлшері Үкіметтің «Азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысына сәйкес, ал үстемеақылар байқау кеңестерінің шешімдерінің негізінде анықталады, – деді Саян Қылышұлы.

Департамент басшысының мәліметінше, қос қаржыландыру және еңбек қызметін тоқтатқан адамдарға төлемдерді аудару фактілері бойынша бюджетке 4 миллион теңге қайтарылған. Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшылығы тарапынан мүгедектікті белгілеу үшін пара алу әрекетінің жолы кесілді. Тәуекелдерді болдырмау бойынша ұсыныс енгізілген.

Сыбайлас жемқорлықтың жүйелі фактілерін, соның ішінде жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен құқықбұзушылықтарды анықтау, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу және келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдау қарекеттері жалғастырылуда. Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басшысының баяндамасында облыста және өңірлерде орын алған жемқорлық фактілері жіліктеп жеткізілді. Әсіресе жол құрылысы, халықты ауызсумен жабдықтау, спорт ұйымдары арасындағы, ауылшаруашылық өндірісі саласындағы жемқорлықтың жолын кесу мәселелері бойынша жұмыстар жанданғаны айқын аңғарылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының әдістемелік тәжірибелік жолдары бағытындағы жұмыстар талданды. 

Баяндама барысында Панфилов ауданына қатысты бірқатар мәселелер көрсетілді. Атап айтқанда, аудандық ауруханада бір литр сүтті сатып алу бағасын екі есе жоғарылатқан. Жаркент су құбыры мекемесінде де тура осындай, өздеріне қажет материалды жоғары бағада сатып алу фактілері орын алған. Бұл келеңсіздіктер дер кезінде анықталып, жөнге келтіріліпті.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Қатысты жаңалықтар

Бір жарыста үш алтын алған атлет жеңісін қазақ халқына арнады

Бір жарыста үш алтын алған атлет жеңісін қазақ халқына арнады

12.11.2025
Тәуелсіздік күні: қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады?

Тәуелсіздік күні: қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады?

12.11.2025
Ең көп баспана қай қалада сатылды?

Ең көп баспана қай қалада сатылды?

12.11.2025
Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?

Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?

12.11.2025
Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

12.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.