Талдықорған: +34°C
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ЖЕҢІЛ АҚШАНЫҢ АУЫР АЗАБЫ

24.02.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ЖЕҢІЛ АҚШАНЫҢ АУЫР АЗАБЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Замира (аты-жөні өзгертілген) бір үйдің жалғыз қызы. Ата-анасы тұрмысы төмен болса да қара жұмысқа жегіліп, тапқан таянғанын Құдайдан сұрап алған жалғыз перзентінің алдына тосып, жоқшылық дәмін татқызбады. Не ішемін, не жеймін дегізбеді. Ерке әрі шолжаң болып өскен  қыз үй шаруасына да араласпады. Әке-шешесінің арқасында тайраңдап жүріп оқуға да ынтасы болмады. Мектепті 9-сыныпқа дейін ғана оқып, қаладағы училищенің біріне оқуға түсті.

 БІР ҚУАНЫШ, БІР ҚАЙҒЫ

Училищені тамамдаған соң, небәрі 18 жасында Ержігіт есімді жігітке тұрмысқа шықты. Қызы үйленгенде ата-анасы жас жұбайларға «енді сендердің балаларыңның маңдайынан сүйсек арманымыз жоқ» деп ізгі тілегін білдіріп, батасын береді. Алғашында екі жас тату-тәтті өмір сүріп жатты. Замира мен Ержігіт ата-ана атанды. Араға екі жыл салып екінші бала дүниеге келді. Екі баланы бағып-қағу оңай емес. Осы кезден бастап отбасында қаржылай қиындықтар туындай бастады. Махаббатпен үйленген екі жас балаларының тағдырын ойламай ақшаға бола ажырасып кетеді деп ешкім ойламады. Онсыз да тұрмыс тауқыметі мен таршылығы қажытып жүргенде Ержігіт жұмысынан шығып, бірнеше ай табыс таппай қалады. Бұл жығылғанға жұдырық болды. Онсыз да ақша үшін үйінен ұрыс кетпеген ерлі-зайыптылар екі-үш ай жұмыссыздыққа шыдамай ажырасып тынады. Бірақ, Ержігіт ақша тапқан сайын бүлдіршіндеріне жолдап отырады.

 Замира болса бүлдіршіндерін ата-әжесіне тастап, пәтер жалдап қалаға көшті. Мақсаты – жұмысқа орналасып, ақша тауып, бала-шағасын асырау. Бірақ, қала келгенде бірден жұмыс тауып кете алмады. Қырсық бір айналдырса шыр айналдырады. Замира мамандығы бойынша қызмет таппай қаншама мекеменің табалдырығын тоздырады. Қайда барса да жұмыс тәжірибесі мен жоғары оқу орнының дипломын сұрайды. Ақыр аяғы бір мекемеге қарапайым жұмысшы болып  орналасады. Бірақ, оның жалақысы балаларын асырамақ түгіл өзінің жүріп-тұруына да жетпей қалып жүрді. Айлықтан-айлыққа дейін әрең күнелткен ана пәтер ақысын зорға төлеп беріп жүрді.

ҒАЛАМТОРДАҒЫ «ӘМІРШІ»

Қаржыдан әбден таршылық көрген Замира бүгін де үйіне  үнжұрғасы түсіп келді. Шаршағанымды басайын деп әлеуметтік желіні парақтайды. Кенет «Instagram» желісінен «жұмыс керек пе?» деген жарнаманы көріп қалады. Қосымша табыс артық етпейді деп сілтемеге басып, «Telegram» арнасына өтеді. Сөйтсе бұл есірткі сататын канал болып шығады. Есірткі деген сөзді естігенде Замираның үрейі ұшып, қара жұмыс болса да адал істеймін деп бас тартады.

Арада бір жыл өтеді. Замира сол бәз-баяғы қалпы айлығы шайлығына жетпей әрең күнелтіп жүреді. Ақшадан қатты қысылған кезде есірткі сатса қанша ақша табады екенмін деген жаман ойлар келе бастайды. Не де болса сұрап көрейінші деп қанша ақша береді екен деген қызығушылықпен «Telegram» арнасына кіріп, былтырғы сақталып қалған адамға қайта жазады.

 – Былтыр сізбен сөйлесіп едім. Қандай жұмыс істеймін, ақшасы қанша болады? Қауіпті емес пе, ұсталып қалмаймын ба?

Ғаламтордың арғы жағындағы беймәлім адам қыздың қиналып тұрғанын сезіп, өзінше жанашырлық танытып:

– Уайымдамаңыз, бізде көп адам жұмыс істейді. Мен қаланың әр шетіне есірткі тығып, әрқайсын суретке түсіріп, ұялы телефоныңызға жіберіп отырамын. Сіз бар болғаны есірткілерді жинап, граммен бөліп, маған қайда жасырғаныңызды жіберіп отырасыз. Аптасына 200-250 мың теңге көлемінде табыс табасыз дейді.    

Апта тұрмақ айына ондай ақша тауып көрмеген әйел аз уақыт жұмыс істеп жағдайымды жасап алсам шығып кетемін ғой деп келісім береді.  Сол түні Замира дөңбекшіп ұйықтай алмады. «Ұсталып қалсам не болады?» деген уайым жегідей жеп барады.  Таң ата телефоны шыр ете қалды. «Telegram» арнасынан хат келді. Есірткінің суреттері мен жазылған мекен-жайларды көргенде қорыққаннан жүрегі зу ете түсті. Алғашқы тапсырыс түсті. Көрсетілген мекен-жайлардан жасырған есірткіні жинап келді. Ғаламтордағы «Әміршінің» айтқанындай нашаны кішірек етіп бөлшектеп орап, қайта жасыруға қорқа-қорқа шықты. Әр талдың түбіне барған сайын полиция қызметкерлері «не істеп отырсың?» деп шап беретіндей. Кеш қарайғанға дейін барлығын тығып тастау керек. Замира кешкі сағат 18:00 шамасында соңғы қапты жасырды да не қуанарын, не жыларын білмей, ауырлап кеткен денесін зорға көтеріп үйіне қайтты.

Алғашқы апта осылай қиналып жүрді. Бір аптадан соң оған «Блокчейн» арқылы қаржысын алды. Қолына ақша түскен соң есірткі сатқанын ұмытып, жан қинамай тез арада көп табыс тауып, тез баю жағын мықтап ойластырды. Бір ай соң Замира ғаламтордағы белгісіз жанға ұсталып қалудан қорққандықтан енді жұмыс істемеймін деп жазады. Бірақ, есірткі сатушы оған қауіпсіз жұмыс тауып берейін, бірақ аптасына 100-150 мың теңге төлеймін дейді. Ол үшін анашаны үйінде 0,5-1 граммнан бөліп, бұрынғыдай әр жерге емес, бірақ жерге жасыру керек. Замира келсімін беріп, ғаламтордағы беймәлім адам айтқандай нашаны жасау үшін базардан таразы, магнит, сөмке сияқты керек заттарды алып келеді. Сөйтіп, наша жасап, күнәнің үстіне күнә арқалап, былыққа бата береді. Қанша ақша тапса да берекесі болмай, жоқшылықтан арылмай, жалдамалы пәтерде тұрады.

Әдеттегідей емес осы жолы Замира көп тапсырыс алады. Ол 5 сөмке анашаны әр жерге тығуға шығады. Бірінші сөмкеде 15, екіншіде 25, үшіншіде 30, төртіншіде болды 40, бесіншісінде 30 дана есірткі бар. Алғашқы қапты сәмбі талдың түбіне жасырып, шыға бергенде полиция қызметкерлері көптен бері есірткі жасырып жүрген Замираны ұстап алады. 

ҮКІМ

Ол жымысқы тірлігін қанша кәсіби дәрежеде мінсіз жүргіздім дегенімен, тергеушінің қолына түседі. Сот судьясы оның айыбын аймаңдай етіп әшкере етіп, оңай ақша табамын деп наша сатқаны үшін 10 жылға темір торға қамайды.

Сот бітті. Қылмыскер жазасын алды. Бірақ, қазақтың өрімдей қызының өмірі құрыды. Кім кінәлі? Ерке, шолжаң қылып тәрбиелеген ата-ана ма, екі баласымен тастап кеткен жолдасы ма, оңай ақшаға қызыққан әйел ме? Қалай дегенде де оңай олжа болмайтынын ескерсек дейміз. Сіз оңай тапқан он теңгенің соңында мыңдап, миллиондап есептеулер мен ауыр зардап тұруы мүмкін.

Айдар ҚАЛИЕВ
Фото: rasfokus.ru 

 

Қатысты жаңалықтар

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

09.07.2026
Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

09.07.2026
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

09.07.2026
Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

09.07.2026
Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.