ҚР ҰҚК Шекара қызметінің шекарашылары арасында «Үздік іздестіру тобын» анықтауға арналған жарыс өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 15 ведомстволық команда қатысып, барлығы 60-қа жуық әскери қызметші мен кинолог мамандар өздерінің кәсіби шеберлігін көрсетті.
Сайыс бірнеше күнге созылып, қатысушылар жүгіру, қару-жарақпен жаттығу, із кесу, кедергілерден өту, аумақты тінту, автокөлік пен бөлмені тексеру сияқты түрлі сынақтардан өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті I орынға ие болып, «Үздік іздестіру тобы» атанды.
Сонымен қатар жеке номинациялар да табысталды:
-
«Үздік кинолог маман» атағын Панфилов ауданындағы «Ынталы» шекара бөлімшесінің аға нұсқаушысы, кіші сержант М. Сламья «Флорест» атты қызметтік итімен жеңіп алды.
-
«Автокөлікті тексеру бойынша үздік кинологиялық есеп» номинациясы «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының кіші сержанты А. Абдумиталиповқа «Санта» атты қызметтік итімен табысталды.
Жарыстың салтанатты жабылу рәсімінде үздік шыққан командалар мен номинация иегерлеріне кубоктар, медальдар және арнайы сыйлықтар тапсырылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





