Талдықорған: +27°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісуда ұландық сақшылар қауіп тудырған адамды құрықтады

05.12.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Жетісуда ұландық сақшылар қауіп тудырған адамды құрықтады
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Талдықорған қаласында орналасқан 5514 әскери бөлімінің жауынгерлері тұрғын үйдің ауласында өзімен пышақ алып жүрген ер адамды құрықтады.

Талдықорған қаласы көшелерінің бірінде қызмет атқарып жүрген ұландық әскери жасаққа орта жастағы 2 азаматша келіп көмек сұраған. Жастар 42Б мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің алдында белгісіз азамат жас қызды пышақпен қорқытып, өміріне қауіп төндіріп жатқанын айтқан.

Оқиға орнына келген әскери жасақ бастығы ефрейтор Бақдәулет Байсеит және патрульшілер қатардағы Медет Ерболов пен Саят Ахметқалиев ақпаратты патрульдік топ бастығына баяндап, қарсылық көрсеткеніне қарамастан, тәртіп бұзушыны дереу құрықтаған және полиция қызметкерлеріне тапсырған. Күдіктінге сыртқы тексеру жүргізгенде қалтасынан айғақ зат пышақ табылған.

Анықтау барысында күдікті азамат түзеу мекемесінен бір күн бұрын ғана жазасын өтеп шыққан екен.

«Біз келгенде құқық бұзушы азамат аулада тұрған көліктің алдыңғы терезесін сындырып, көлік иесімен жанжалдасып тұр екен. Бізді көре салып қолындағы суық қаруын қалтасына жасырды. Дереу ол азаматты қолға түсіру үшін әрекет жасадық, себебі ол суық қаруды сілтеу арқылы айналасына қауіп төндіруі әбден мүмкін еді. Тәртіпке шақырып едік, өзімізге қарсылық танытпақшы болды. Жауынгерлік ұрыс тәсілдерін қолданып, бұзақыны ұстадық», – дейді ефрейтор Бақдәулет Байсеит.

Екінші оқиға Самал ауданында Алдабергенов пен Қонаев көшесінің қилысында болған. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан егде жастағы адамды көлік қағып кеткен. Қаланың қоғамдық тәртібін қамтамасыз етіп жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Әлихан Аманжолов және патрульшілер қатардағы Азат Тұрсын мен Азамат Тоқтар дереу радиостанция арқылы патрульдік топ бастығына жағдайды баяндап, жедел жәрдем шақыртуын сұрайды.

Кейін жапа шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

«Ұлттық ұлан жауынгерлері тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпейді. Кейде қала тұрғындарына медициналық көмек те көрсетуге тура келеді. Біз қызмет атқарып тұрған тұста ақ түсті Mazda Cronos көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан азаматты қағып кеткенін байқадық. Ойлануға уақыт болмады, көмектесуге кірістік. Жапа шеккен азаматты орнынан тұрғызып, басынан аққан қанын сүртіп, сол жердегі орындыққа отырғыздық», – дейді қатардағы жауынгер Әлихан Аманжолов.

 

Сурет: famt.ru

 

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026
Мемлекет басшысы Трампты құттықтады

Мемлекет басшысы Трампты құттықтады

04.07.2026
Аю мен шибөрі көбейді

Аю мен шибөрі көбейді

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.