Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Бауыржан Ізбасаров әшкере болды, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілетеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Ізбасаров жемқорлыққа байланысты әшкереленген.
«Иә, оның жемқорлыққа байланысты әшкереленгенін растаймыз. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды. Толық мәлімет сәл кейінірек болады», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, Бауыржан Ізбасаров Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы лауазымына 2022 жылдың тамызында тағайындалған болатын.





