Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топтарға қарсы шара жүргізді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Осы жылдың қараша айының соңында ҰҚҚКБ қызметкерлері ҰҚКД бірлесіп бопсалаумен айналысатын жергілікті қылмыстық топты әшкереледі. Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Жетісу облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері білім беру мекемелерінің оқушылары арасында тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізеді, оқушылармен және студенттермен кездесулер өткізіліп, онда бопсалау, қорқыту және осындай қауіптерден қалай қорғану қажет екендігі секілді тақырыптар талқыланады.
Көбіне жәбірленушілер қоқан-лоқы көрсеткендерден қорқып, полициядан көмек сұрамайды. Соның салдары қайғылы оқиғаға оның ішінде суицидке де әкеледі. Полицейлер зардап шеккендерді көмек сұраудан қорықпауға шақырады және әрбір арызданушының қорғалуына кепілдік береді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бопсалағаны үшін айыппұлдан бастап 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазалар көзделген.





