Талдықорған: +35°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БАРҚЫТБЕЛ БАУРАЙЫНДА ҚАБАНБАЙ БАТЫРДЫҢ 330 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ

02.09.2022
РУХАНИЯТ
БАРҚЫТБЕЛ БАУРАЙЫНДА ҚАБАНБАЙ БАТЫРДЫҢ 330 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл толуына орай ұлан-асыр той өтті. Сол тойға Жетісу жұрты атынан қоғам қайраткері Ардақ Сыдық, «Нақ-Бірлік» қоғамдық қорының төрағасы Мақсұт Қалажанов, Алакөл ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сатай Бекболатов, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім меңгерушісі Төлеужан Ғұмаров бастаған бір топ азамат қатысып қайтты.

ЕРЛІК — ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Мемлекет  басшысының шешімімен Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бөлініп, бұрын Ақсуат ауданының құрамындағы Ақжар ауылы жаңадан құрылған Тарбағатай ауданының орталығы атанып, ажары кіре бастапты.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Жұмаділовтың айтуынша, бүгінде «Тарбағатай ауданын кешенді дамыту жоспары» бекітілген.

Ақжардың орталық саябағына айналдыра 25 ақ шаңқан киіз үй тігіліп, ортасына үлкен сахна құрылған. Сахнаның айналасы театрландырылған көріністер қоюға, спорттық шаралар өткізуге ыңғайланыпты. Ал аудандық Мәдениет үйінде «Бабалар ерлігі – ұлтқа мұра, ұрпаққа – үлгі» тақырыбында конференция өтті.

Айта кетерлігі, Қабанбай батырдың 330 жылдық тойы қарсаңында «Сырдария – Шығыс – Жетісу» атты экспедиция ұйымдастырылып, батырға қатысты тың дүниелердің беті ашылды.

– Биылғы экспедициядағы ең үлкен жетістігіміз – Қабанбай батыр басшылық еткен, бірақ көмескі болып келе жатқан Ұржар-Еміл шайқасының нүктелерін анықтадық. Әйгілі Аңырақай шайқасы өткен жерді зерттеп, Үш жүздің батырлары салған таңбаны кездестірдік. Сондай-ақ, Мәскеу, Омбы көне мұрағаттарын қарап, Қабанбай  батырға, Қазыбек биге, тағы да хан-сұлтандарға қатысты көптеген деректерді кездестірдік. Олар алдағы уақытта ғылыми айналымға түседі. Ақтаңдақтарды айқындау үшін экспедиция алдағы уақытта жалғасады, – дейді осы істің басы-қасында жүрген тарихшы Қанат Еңсенов.

Ақжар ауылының тумасы, жазушы Нұрдәулет Ақыш Қабанбай батырдың айналасында жүрген батырлардың өмір дерегін зерделеп, көркем әдебиеттер жазудың қажеттілігіне тоқталса, ақын Ұлықбек Есдәулетов: «Батырларын бағалай білген ел ғана ұлы халық болып саналады», – деген екен бір қолбасшы. Ақжар өңірі елге тұтқа, ұлтқа ұран болған Қабанбай бабамыздың ерлігін әспеттеп, кереметтей қастерлеп жатқанын көріп, өзімнің де кеудемді қуаныш кернеді», – деп ағынан жарылды. «Дарабоз батырдың ерлігін жас ұрпаққа дәріптейтін фильм түсіретін кез жетті», – дейді кино саласының мамандары.

ЖҮЛДЕЛІ ЖҮЙРІКТЕР

Биылғы тойдың жоғары деңгейде өтуіне шығыстағы ағаайындар барын салыпты. Ғылыми-тәжірибелік конференция, жазба ақындар мүшәйрасы, балаларға арналған бағдарлама, балуандар күресі, жаппай көкпар, аламан бәйге, аудан өнерпаздары мен облыстық «Ертіс концерт» шығармашылық ұжымының концерті, Гала-концерт, облыстық драма театрының қойылымы аса жоғары деңгейде өткенін атап өткен жөн.

Сол игілікті шараны ұйымдастыру алқасының төрағасы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Талғат Мәзібаев:

– Тарбағатай жеке аудан болып бөлініп шыққан соң ауылдастар: «Жақсы істің бастамасын Қабанбай бабамыздың тойымен бастасақ» деген ұсыныс білдірді. Содан игілікті істі бастап кеттік, – деді ағынан жарылып.

Батырдың тойы болғасын білекті де жүректі жігіттер сынға түсіп, тұлпардың тұяғы ен даланы шаңдататыны заңдылық. Сондықтан ұйымдастырушылар тойдың көрігін қыздыру үшін үш жүздің азаматтарына сауын айтып, республикалық деңгейде ұйымдастырылған қазақ күресі мен басқа да спорттық сайыстарға, бабы келіскен тұлпарлар ғана мәреге жететін Аламан бәйгеге алдын ала шақырту жолдапты. Балуандар 80 келі және одан жоғары салмақ бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, 80 келіге дейінгі салмақтағы ақтық сында семейлік Мансұр Әлшеков-пен жолы түйіскен үржарлық Ерсін Сейітқазынов жеңіске жетіп, «Өгіз палуан» атағына ие болып, «темір тұлпар» тізгіндеді. 80 келіден жоғары ауыр салмақта үржар ауданы, Мақаншы ауылынан Саят Шәмшиев пен Ақсуат ауданынан барған Ерасыл Қажыбаев белдесіп, Ерасыл өзінің басымдығын көрсетті. Ерасылдың лақап аты – «Қабанбай» екен. Сөйтіп, Қабанбай батырдың тойында Қабанбай жеңіске жетіп, «темір тұлпар» мінді. Бұл да бір сәйкестік болса керек.

Аламан бәйгеге 30 ат шапса, соның тең жарымы ғана мәре сызығын кесіп өтті. Бас бәйгені алған ақсуаттық Аян Сембаевтың жүйрігі «темір тұлпар» иеленсе, екінші келген атқа 1 млн. теңге, үшіншіге мотоцикл, төртіншіге  300 мың теңге, бесінші орынға 200 мың теңге берілді. Үржар, Самар, Көкпекті, Ұлан, Ақсуат, Тарбағатай аудандары, Мақаншы, Таврия ауылдық округтері, Шымкент, Талдықорған қаласының көкпаршылары жаппай көкпарда көпшіліктің ықыласына бөленді. Демеушілер әр салымға 50 мың теңгеден, 20 салымға дейін сыйақы тағайындапты. Ал 21-салымға «темір тұлпар» берілді. 

Бұл тойда спортшылар мен бәйгеге шапқандар ғана емес, өнер, мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, Ақжар ауылының өркендеп-өсуіне үлес қосқандар да назардан тыс қалмады. Мысалы, Ақжар ауылдық Мәдениет үйінде 32 жыл бойы қызмет етіп келген Үмітгүл Баянбаева «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атанды. Ал жазба ақындар мүшәйрасында Сарыөлең ауылының тумасы Мұратхан Ахметбек  бас жүлдені иеленді. Оған  «Ыдырыш» шаруа қожалығы Эльмира Шакенқызының атынан  шаруашылықтың басшысы Асхат Әбілмәжінов екі жасар арғымақ мінгізді. Жетіаралдық жас ақын Ринат Қожахметов той қоры атынан тай жүлдені иеленді. Қалған ақындарға да ақшалай жүлде табысталды. «Адал еңбек абыройға кенелтеді» деген осы шығар.

ҚАЙТАР ЖОЛДА…

Ақжар ауылынан Талдықорғанға аттанғандар Ақсуатты айналып өте алмайды. «Жетісулық бауырлар келіпті» дегенді естіген Ақсуаттың бір топ азаматы Жамбыл Жұманбаев ақсақалдың бастауымен Ырғызбай әулие кешенінде бізді күтіп алды.

Ырғызбай ата кесенесі жай ғана мазар емес, басында кітапхана мен мұражайы бар, асханасы мен қонақүйі салынған үлкен руханият орталығына айналған. Сондай-ақ, мазардың қасынан үлкен мешіт бой көтеріпті. Барқытбелдің етегіндегі мешіттің төрт мұнарасы алыстан көз тартады. Мешіттің қасындағы «Дала даналары кітапханасы» атты ғимаратта сирек кездесетін әдебиет жинақталған. Ал «Аманат» мұражайында дала халқының тұрмыс-тіршілігін сипаттаумен қатар Ырғызбай әулиенің көзі тірісінде ұстаған жәдігерлері сақталған. Ырғызбай әулиенің мазар-кешені бүгінде Абай облысы, Ақсуат аудандық мәдениет бөлімінің иелігінде. Қызметкерлерге айлық беріп, зиярат жасаймын дегендерге жағдай жасап қойған. Бұл да біздің киелі жерлерге деген құрмет болса керек. 

Ширек ғасыр бір қазанда қайнаған Ақжар мен Ақсуат ауылы бірі-бірінен бөлінгісі келмесе де, Ақжардың аудан орталығы болғанына ақсуаттықтар қуанышты. Өйткені, «ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген елдің ұрпағымыз ғой.

Қажет АНДАС

Шығыс Қазақстан облысы

Қатысты жаңалықтар

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

23.06.2026
Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

23.06.2026
Әуезді әнмен тербеген

Әуезді әнмен тербеген

23.06.2026
Шегірткемен күрес күшейді

Шегірткемен күрес күшейді

23.06.2026
Қапалдан қала табылды

Қапалдан қала табылды

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.