Талдықорған: -3°C
$ 526.79
€ 606.34
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Дала жыр, айтылмаған дала бір ән (өлең)

09.10.2025
РУХАНИЯТ
Дала жыр, айтылмаған дала бір ән (өлең)
WhatsAppTelegramFacebook
ДАЛАМЕН ТІЛДЕСУ
Дала – жыр, айтылмаған дала бір ән,
Ұшып жүр төсіңде, әне, бала қыран.
Жабығып жартасыңда ақын отыр
Төгілген жыр сорғалап қаламынан.
Дес бермес кейде саған ғұмыр-тірлік,
Десе де шақтың кісен түбірге ұрып.
Өзіңді жатқан шексіз жалпақ дала,
Жыр жазып келеді ақын тұғыр қылып.
Таң сүйіп маңдайымды атқан ұлы,
Басамын құз-қиямен шатқалыңды.
Салбурын жоқ қараған жолаушымын,
Қайтармын жоғымды іздеп
тапқан күні.
Шалқыса ақын шабыт аспаныңда,
Жетелер үміт-арман асқарына.
Қиялдың жетегінде сағым қуып,
Айналар дәу періге қас қағымда.
Кетпейтін түшкірсе де текке демі,
Шайырың өзі – аңыз, ертек еді.
Төсінде сайын дала өлең деген,
Келеді тақымында кер төбелі.
Түсінбес сырын ешкім бұл бір әлем,
Ұстаса ұстар адам құрғырды әрең.
Қосылып ақын жүрек таң сәріде,
Ән салып бірге кетер бұлбұлменен.
Өкініш айтсаң да өмір бір күніне,
Дүниенің жетер дейсің кім түбіне?!
Тілдесіп мен келемін, дала, өзіңмен,
Іліп ап түн ұйқысын кірпігіме!..
ЖЕРҰЙЫҒЫМ – ЖЕТІСУ
Шежіре шертіліп күй халықпенен,
Тудың сен талай дана, алыпты ерен.
Жетісу Жерұйық деп Асан бабам,
Жаздырған алтын жақұт әріппенен.
Қашанда асқақ сенсің алып ордам,
Жайқалған жан-жағың ну,
жасыл орман.
Мәртебең биік, сұлу әсем қала,
Өлкемнің жүрегісің Талдықорған!
Алакөл, Ақсу менен Лепсі, Басқан,
Қаратал, Көксу, Іле сен бір дастан.
Басталып Тәңіртаудан аққан өзен,
Құйылып Балқаштың кеп көркін ашқан.
Текелі шұрайлы жер, ауаң тұнық,
Табиғат тұрғандай бір сауық құрып.
Қақ жарып қала ортасын аққан өзен,
Жатады гүрілімен тау жаңғырып.
Өзіңді аңсап келдім асыл мекен,
(Табанға деме батса тасың бөтен).
Бабамдай іздеп жүрсем жерұйықты,
Жетісу жер жаннаты қасымда екен!
ЕСКІ ӘЛЕМ
Тек өткеннің айтсаң да әнін ескі әлем,
Таңмен тұрып жетер жерің
кеш-мәрең.
Қаратаудың күдір жолын қырқалап,
Келе жатқан көреді көз көшті әрең…
Қонамыз деп жетер жерге есті үміт,
Мінсең де арман арқыратып
бесті ғып.
Қайда барсаң бабалардан қалған із,
Күл төгілген көрінеді ескі жұрт.
Аз ғұмырда кешсек те күн саялы,
Бұл фәнидің болмас артық баяны.
Дүниені қарап тұрсаң ескі әлем,
Әлмисақтан жаралғалы  баяғы…
Дейміз бе анау, кеше қалай күн кешті,
Бір тауға кеп тағы бір тау міңгесті.
Біз ұрпағы өткен күннің болған соң
Ол да ескі, сен де ескі, мен де ескі.
Уақыт бұл өлшенбейді бес күнмен,
Күдір жолын десең де өмір кештім мен.
Жартасыңда жаңалықтар үндесіп,
Барлық ғалам жатады екен ескі үнмен!
Болса да өткір қолда семсер алдаспан,
Жатыр құздар мұз құрсанып, қар басқан.
Кешегінің бүгінгі күн жалғасы,
Жаңа келіп ескі дүние алмасқан.
Тек өткеннің айтсаң да әнін ескі әлем,
Таң атқанмен жетер жерің, кеш-мәрең.
Қаратаудың күдір жолын қырқалап,
Келе жатқан көреді көз көшті әрең…
ӨЛЕҢ БОП ТӨГІЛ ЕНДІ,  БҰЛАҚ КЕУДЕМ
Беймәлім болса да бір  сырың, ғалам,
Сақта енді ділім менен тілімді аман.
Табиғат, алма мені тар бесікке,
Өмірде сенсіз бүгін күнім қараң.
Өлең боп төгіл енді, бұлақ кеудем,
Бір ұлмын туған асқақ мұратты елден.
О, ғалам, сырлас шайыр ақыныңмен,
Өзіңді аулақ салмай жырақ менен.
Көрсетіп тұрса да өмір тар қыспағын,
Бабадан қалған сақтап арды ұстадым.
Көрінсең аламанда жалғыз келіп,
Тартатын етегіңнен бар дұшпаның.
Дейміз бе  жомарт болмас байда ізгілік,
Болса егер қалар елден қайғы үзіліп.
Бір толып, бірде солып бұлт астынан
Егерде қарамас еді  ай сүзіліп.
Бола ма ғайып ақын, ғайып өлең,
Жазбасам сені жыр ғып  айып менен.
Сырласса ақын жүрек жұлдыздармен,
Ашады түн ұйқысын байыппенен.
Өмірім өрге тартар өнерменен,
Көсегем сен болмасаң көгермеген.
Шабытым шалқымаса өлең болып,
Жарқ еткен жалғыз ғұмыр сөнер менен.
Өлең боп төгіл  енді, бұлақ кеудем,
Бір ұлмын туған асқақ мұратты елден.
О, ғалам, сырлас шайыр ақыныңмен,
Өзіңді аулақ салмай жырақ менен…
Талапбек АЗАНБАЙ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын
Қарабұлақ ауылы, 
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірінде есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

Жетісу өңірінде есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

07.11.2025
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында жаңа саябақ салынды

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында жаңа саябақ салынды

07.11.2025
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды (ТІЗІМ)

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды (ТІЗІМ)

07.11.2025
300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

07.11.2025
Енді өтінімдердің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады

Енді өтінімдердің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады

07.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.