Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЕУРОПАЛЫҚ КОМПАНИЯ АЛМА ӨСІРЕДІ. ДӘМІ ҚАНДАЙ?

10 тамыз 2022
РУХАНИЯТ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЕУРОПАЛЫҚ КОМПАНИЯ АЛМА ӨСІРЕДІ. ДӘМІ ҚАНДАЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратұрық ауылдық округінде орналасқан «Alma Green Fields» компаниясының бақтарында алма теру науқаны басталды. Онда 1000-ға жуық адам еңбек етеді.

Аталған компанияның ауданда 6 алма бағы бар. Екеуі – Қызылшарықта, ал қалған төртеуі – Тауқаратұрық ауылының маңында. Сондағы көлемі 250 гектар болатын ең ірі баққа арнайы барып, жұмыс барысын көзбен көріп қайттық.

Еңбекшіқазақ ауданы – бұрыннан жеміс-жидекке бай өңір. Бүгінде бағбандар игі дәстүрді ары қарай дамытып, сәтті жалғастыруда.  Мұнда жұмыс істейтін агроном, бригадир, механик, гидротехник сынды мамандар өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаруға тырысады. Өйткені «Alma Green Fields» компаниясы адал қызметкерін қолдап, ынталандырып, алға қарай оздырады. Мәселен, күні кеше ғана ұжымға қатардағы жұмысшы болып қабылданған Мадияр Ізтілеу қазір бау-бақшаның есеп-қисабын жүргізетін білікті кадрға айналған.

– Қазақ ұлттық аграрлық университетінің түлегімін. Мамандығым – инженер-механик. Қолыма диплом алған соң, еңбек жолымды осындағы бау-бақшадан бастадым. Алғашында жұмысшы болдым. Сөйтіп бірте-бірте қызметім сатылап көтерілді. Алатын жалақымыз көңілден шығады, – дейді Мадияр.

Еңбегіне қарай өрлеген мұнда жалғыз Мадияр ғана емес. Трактор тізгіндеген Бекжан Сатыбалдиев те – қазір білдей бір механик. «Біздің жігіттер алма ағаштарының бұтақтарын кесуден шетелдіктерді жолда қалдырады», – дейді Мадияр. Жақында Польшадан келген бағбандар олардың жұмыстарын жоғары бағалапты. Әрине, мұндай сөзді естігенде қалайша риза болмайсың?!

Жақсы қырынан көрінген мамандарды компания шет елге оқуға жіберуді дәстүрге айналдырған. Биыл агрономдар – Төлеген Еділ мен Мәдина Голландияға барып, бір апталық семинарға қатысып қайтыпты. 

Осындай  екі жақты тәжірибе алмасудың арқасында бау-бақшадағы өнім көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Алма сақтайтын қоймалардың көптеп салына бастағаны – соның айқын көрінісі.

Алма теру науқаны аяқталған соң мұндағы еңбек үдерісі тоқтап қалмайды. Ары қарай артық бұтақтарды кесу басталады. Одан кейін ағаштардың түбін қопсытып, баптау жалғасады. Бір сөзбен айтқанда,  жұмыс жыл он екі ай тоқтамайды.

«Alma Green Fields» компаниясы жергілікті жердің әлеуметтік мәселелерін де назардан тыс қалдырмайды. Тауқаратұрықта жаңа стадионның құрылысын қолға алғалы жатыр. Ауыл тұрғындары кәсіпкерлерге дән риза. «Бірлік бар жерде  тірлік бар» деген осы. 

Болат МӘЖИТ

Қаратұрық ауылы,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.