Талдықорған: +34°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕЛ ТАРИХЫНА ӨЗГЕШЕ ТАНЫМ

22.05.2025
РУХАНИЯТ
ЕЛ ТАРИХЫНА ӨЗГЕШЕ ТАНЫМ

zakon.kz

«Өткен күннің елеңдеткен елесі, тарихымның таптырмайтын белесі» демекші, «Қайқаңнан қанат қаққандар» кітабы бір елді мекеннің ғасырдан артық уақыт тұрғындар тұрағына айналып, керегесін кеңге жайған абыройлы ауылға айналғанының, аудан, облыс көлемінде шаруасы шалқыған шаруашылықтың өсу жолын сипаттайды.

Бұл Алакөл ауданына қарасты Үшбұлақ ауылы. Төрт түліктің үшеуінің төлін түбегейлі түлеткен, сар даласын мыңғырған малға толтырған, қара топырақты алқабындағы егіні теңіздей тербеле, жайқалып өскен аймақ. Осының бәрі қарапайым шаруа адамдарының еселі еңбегінің, қайтпас қайсарлығының арқасында орындалғаны сенімді суреттелген. Төгілген тердің, ерен еңбектің қайтарымы баяндалады. Ауыл тұрғындары шаруашылық жұмыстармен ғана айналысып қоймаған. Сонымен қатар, екі Кеңес Одағының Батырын, екі ғылым докторы – академигін, алты ғылым кандидатын, Европа, Азия жеңімпаздары мен еліміздегі түрлі дәрежедегі жарыстарының 5 жеңімпазын тәрбиелеп, жалынды жарық жұлдыздарын жаққан ауыл.

1905-1906 жылдардан бастау алатын, алғашында Глиновка, кейін Үшбұлақ аталған ауыл тарихының өсу жолы, өркендеу өрісі әңгіме болады.

«Қайқаңнан қанат қаққандар» атты бұл еңбекте Үшбұлақ ауылының тарихы сараланып, тұлғалары мен республикалық, облыстық деңгейде танымал, ауылдың дамуы үшін айрықша үлес қосқан сан түрлі сала өкілдерінің өмірбаяндары мен атқарған қызметтері жайлы мәліметтер берілді. Бұл еңбектегі мәліметтердің жинақталуына ауыл азаматтары атсалысты. Тікелей мағлұмат ұсынған авторлардың аты-жөні мақала астында жазылды. Фотосуреттер кітапқа енген адамдардан, олардың ұрпақтарынан, тума-туыстарынан жинақталды.

Ауыл тарихы бойынша ақпарат 35 жылдан астам уақыт әзірленді. Оның авторы мектепте 30 жылдай еңбек етіп, зейнетке шыққан абзал ұстаз, ақын Жаңабай Әділбаев.
Ұлы ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулати: «Тарих ата-бабаларымыздың дүниетанымы» деген екен. Сол бабалар тарихын келешекке, ұрпаққа тәбәрік тылсымы, тірлігі ретінде жеткізу біздің адами борышымыз, міндетіміз.

…Жетісу жерінің қыр-сырын қалдырмай зерттеген Шоқан Уәлиханов 1856 жылы Сарқан, Ақсу, Ойжайлау, Үйгентас өңірін басып өтіп, өзін ынтық еткен Алакөлге тау-кен инженері Н.Ковригинмен тоқтаған. 1848 жылы 19 мамырдағы Семенов Тянь-Шаньский экспедициясымен болған Янушкевич Үйгентас өңірі туралы анасына жазған хатында былай деген: «…Қазақ жайлайтын осындай романтикалық жерде бұл дүниенің бірде-бір королі өмір сүріп көрген жоқ…».

Ғалымдардың пайымдауынша, XVIII ғасырдың басында қазаққа қарсы жоңғарлар жағынан ірі-ірі шабуылдар жасалған. «…Үйгентас жұртының есінде, Борша қырғыны деген апат екі жарым ғасыр өтсе де күні бүгінге дейін естен кетпейді. Борша қырғыны көктем айларында болған көрінеді. Он мыңдық қалмақ қолына Қақал әулие бастаған үш жүздей жігіт төтеп береді. Алғашқы екі күн жекпе-жекпен өтеді. Үшінші күні қазақтарды садақпен атып қырған, өлген жауынгерлерді төртке бөліп боршалаған. Сол жер 1909 жылға дейін «Борша» аталып, кейін үйлер салынып үлкейген кезде «Андреевка», ал қазір «Қабанбай» ауылы аталуда. 1755 жылы жаз айында қалмақ қонтайшысы Дауашын қолын Қабанбай батыр ту сыртынан шығып соғуды ойлайды. Ол үшін Үйгентас өңіріне өтіп кеткен дұшпан қосындарын қоршап алып жояды. Қалмақ жеріне өтіп, сегіз мың жауға тиеді. «Бұл жоңғардың соңғы қонтайшысы құлаған жыл еді», – дейді Тоқтар Бейісқұлов бауырымыз.
Шындығында, 1846-1850 жылдары Жетісуды мекендеген барлық қазақ Ресейге түгелдей бағынып болады. Осыдан кейін-ақ Жетісу өлкесінде бекіністер салу қызу қарқынмен жүре бастайды. 1869 жылы шаруалар қоныстануының Ережесі шығып, Жетісу жеріне жаңа тұрғындар түбегейлі орналасады. Сібірден, Орталық Ресейден шыққан қоныс аударушыларға қазақ-орыстар тобы араласа жүреді. Борша өңіріне алғашқы орыстар 1872-1880 жылдары келеді. Алды 1874 жылы басталған жоспарлы түрдегі қоныс аудару 1909-1910 жылдары аяқталуы керек еді, олай болмады, созылып кетті. 1909 жылы Борша ауылына келген алғашқы қоныстанушыларға жер бөліп беру науқаны жүргізілгенде, оны жүзеге асырушы подполковник Андреев болған.

1909 жылға дейін Борша, кейін үйлер салынып үлкейген кезде патша наместнигі құрметіне Андреевка аталып кеткен. Қоныстанушылар өздерінің шыққан жеріне, тегіне, туыстығына қарай ұйымдаса, оқшаулана, лек-лек болып жеке дара жүріп отырған. 1909 жылдың көктемінде қоныстанушылардың үлкен бір бөлігі Боршаның шығысына, Теректі, Сапақ, Бибақан, Тоқжайлау мекендерін басып, түстене жүріп, қона жатып орналаса береді. Ходаки (кезбелер) аталатын екінші бір топтың үлесіне қазіргі Үшбұлақ мекенінің аумағы тиіп жата-жастана орын теуіп жатты.

Ауылдың Глиновка болып аталуы туралы да түрлі болжам бар. Қоныстанушылар көктемдегі телегей-теңіз батпақты көріп, естері шыға таңғалады да, ауыл Глиновка аталсын десе, екінші бір болжам патша наместнигі Андреевскиймен бірге келген жертемір (Землемер) Глинковский қоныстанушыларға жер бөліп беріп, елді орналастырып, заңдастырып отырған. «Көзі ашық, оқыған, заңға жүйрік азаматтың құрметіне ауыл Глиновка аталды», – дейді көнекөз қариялар. Енді бір болжамда осы өңірге алғашқы бес отбасының бірі болып Глинковскийлер көшіп келген. Өз ортасында беделді, тапқыр, сөзге ұста адам еді. «Басында Глинковскийлер қыстағы, соңынан Глинковский ауылы, Глинковка болып аталып кеткен болар», – дейді үшіншілері.

Міне, бір өңірдің, берекелі елді мекеннің шежіресі мен ғасырларға ұласқан қатпар тарихы айтылған, деректермен көмкерілген әрі жігерлі азаматтарының өмірі айшықталған «Қайқаңнан қанат қаққандар» кітабы оқырманның олжасы деп білеміз.

Мұратбек ИМАНҒАЗИНОВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

17.06.2025
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025
Жанға жайлы саябақ

Жанға жайлы саябақ

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.