Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫН ӨСІРУШІЛЕР ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ — ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ

16 шілде 2022
РУХАНИЯТ
ГРЕК ЖАҢҒАҒЫН ӨСІРУШІЛЕР ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ - ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңғақ ағашын өндіріске енгізіп, жеке шаруашылыққа айналдыру бастамасы Алматы облысында 2017 жылдан жүзеге аса бастады. Қазақстандағы жаңғақ және жеміс, жүзім өсірушілер ассоциациясының бастамасымен жаңғақтың отаны саналатын Венгрия, Румыния, Италиядан көшеттер әкелініп, отырғызылған. Жаңғақ өсіруге топырағы құнарлы әрі қолайлы өңір ретінде Түрген ауылы таңдап алынған еді. Содан бергі 5 жыл ішінде Мәншүк Жексембекова жетекшілік ететін шаруа қожалығында грек жаңғағы мен бадам, фундук жемістерінің көшеттері көбейтіліп, өткен жылдан бастап алғашқы өнімін бере бастады.

Шаруа қожалығының жетекшісі Мәншүк Абыханқызы ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге, оны асылдандыруға айрықша назар аударады. Ғылым мен еңбекті ұштастыру нәтижесінде ол «Дива», «Умай» атты жаңа бидай сорттарын өсіріп, мол өнім ала бастайды. Ғылыми жобаларды жетілдіру мақсатында Орта Азия елдерінде сирек кездесетін грек жаңғағын өсіруге бет бұрады.   

— 5 жыл бұрын елімізде алғаш рет грек жаңғағының көшеттерін өсіруді қолға алып, Италиямен бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Экспериментке алынған 50-ден аса сорттан іріктелген фундуктың – 3, грек жаңғағының – 3 және бадамның 2 сорты жерсінді. Жеміс бергенге дейін айрықша күтім мен табандылықты қажет ететін бұл өнім түрлерін өсіре алатынымызға көз жеткіздік. Алғашқы өнім қазіргі уақытта арнайы лабораториялық сараптамадан өтуде, – дейді Мәншүк Жексембекова.

Ауыл шаруашылығын субсидияландыру тізімінде жоқ бұл өнім түрін өсіруде үкіметтен ешқандай қолдау таппай отырғаны жаңғақ өсіруге ниетті шаруа қожалықтарын қынжылтуда. Сондықтан қазақстандық фермерлер мұндай сирек кездесетін әрі сұранысқа ие құнды жемісті өсіруде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуін сұрайды.

Нарықта бағасы аспандап тұрған грек жаңғағы мен бадам, фундук жемісін үзбей жыл сайын беретінімен ерекшеленеді. Алынған өнімді сақтау мен сатуда да аса қиындық болмайтыны зерттелген.

Мәншүк Абыханқызының айтуынша, әр гектарға 625 түп көшет отырғызып, одан 4 тоннаға дейін өнім алуға болады. Бұл жеміс ағаштары кемінде 35 жыл үздіксіз өнім беретін көрінеді. Яғни, ауыл шаруашылығындағы бұл жаңашылдық – табыстың қайнар көзі саналады. Түрген шаруашылығын түрлендіріп тұрған бұл жеміс ағаштарына қазірдің өзінде алыс-жақын шетел фермерлерінен сұраныс артып келеді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Еңбекшіқазақ ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.