Талдықорған: +12°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚҰЛЖАБАЙ БИ КЕСЕНЕСІ ЖАҢҒЫРДЫ

18 қыркүйек 2017
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Рухани жаңғыру аясында Жетісу жерінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Әсіресе көне тарихымызды қайта зерделеп, ұмыт болған ұлыларымыздың есімін қайта жаңғыртуда алуан істің атқарылып жатқаны жанымызды жадыратады. Мұны келер ұрпақтың кемелденуіне жол ашып, бабалар алдындағы парызымызды өтеу деп білеміз. Сондай игі істің бірі Кербұлақ ауданының Қарашоқы ауылында өтті. 

Ежелден киелі мекеннің бірі Күреңбел жерінің тарихы тағы бір дара тұлғамен толықты. Қойнауы құтқа толы, әулие мен әмбиелердің тұрағы болған мекенде жаңа кесененің ашылу салтанаты өтті. Емшілігімен қатар, әділдігі мен батырлығы да халқының жадында сақталған ақбұйымнан шыққан Құлжабай би Тайсарыұлының кесенесі жаңартылып, есімі қайта жаңғырды. 
Баба ұрпақтары рухани жаңғыру аясында келелі істі қолға алып, ел бірлігін сақтаған Құлжабай биге арнап мәдени шара ұйымдастырды. Қарашоқының шығыс жақ бетіне ақшаңқан қазақ үйлер тігіп, атаға арнап ас берді. Бұл шараға халық көп жиылды. Алыс-жақын ауылдан, тіпті сонау Шымкенттен келген қонақтар да тойдың куәсі болды. Баба есімінің тек Жетісу жеріне ғана емес, күллі қазақ даласына танымал, ортақ тұлға екені осыдан да байқалды.
Құлжабай биге арналған мерекелік шараның бастауы баба кесенесінен бастау алды. Ауылдан он бес шақырым жерде тау етегінде бой көтерген кесене сыртқы келбетімен алыстан көз тартады. Маңғыстаудың ақ маржан тасынан қашалып көтерген кесене еңселігімен ерекшеленеді. Жан-жағы қоршалып, кесененің қасына Құлжабай бидің ұлағатты өсиеті қашалып жазылған тас белгі қойылыпты. Алты Алаштың баласы иық тіресіп тұрғандай, ажырамас татулықтың белгісіндей алты бұрыштан құралған еңселі кесененің ішіде құран бағыштауға арналған орындықтар қойылып, бабаға зиярат етуге қолайлы жағдай жасалған. 
Ауызбірліктің арқасында қайта түлеген кесененің ашылу салтанатында аудан әкімі Бағдат Әлиев бастаған зиялы қауым бабаға тағзым жасады. Аруағына арнап құран оқып, мәдени шараның шымылдығын түрді. 
Мұнан соң сахна төріне Қапшағай қаласының Құрметті азаматы  Амангелді Беспаев шығып, Құлжабай би Тайсарыұлы жайлы қысқа баяндама жасады. Сонау қиын-қыстау кезде Ескелді, Балпық бимен бірлесіп Жалайыр руын Сырдариядан Жетісуға көшіргенде Құлжабай би аса белсенділік танытып, жанқиярлық көрсетеді. Сол тұста Алтынемелде өз билігін жүргізген Тезек төреден жер сұрап, халқын орнықтырады. 
Шешендігімен, тапқырлығымен, әулиелік қасиетімен Тезек төренің назарын аударып, сый-құрметіне бөленген Құлжабай би сол күннен бастап ақбұйым жұртының иесі атанады. Ел арасында биік беделге ие болған Құлжабай би Тезек төремен бірлесіп, талай дауды әділ шешіп, халықтың ықыласына бөленеді. Бүгінде ұрпақтары додаға түсе қалса баба есімін ауызға алып, рухтанып қоя береді. Міне, осындай деректерді тілге тиек еткен Амангелді Беспаев би кесенесін қайта жаңғыртуға қол ұшын созған барлық ағайынға алғысын білдірді. 
Келесі кезекте аудан әкімі Бағдат Әлиев сөз алып, ауданда рухани жаңғыру аясында істеліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Аудан орталығында баба атымен көше аталғанын, 2014 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың – Ұлы даралары» атты мемориалдың бой көтергенін және онда Құлжабай бидің есімі жазулы тұрғанын қуанышпен жеткізді. Әлі де талай жұмыстың атқарылатынын тілге тиек етіп, ұлы тұлғаларымызды ұлықтау ісінің  жалғаса беретінін айтты. Аудан әкімі батырлар есімін тарихқа қалдыруға көп үлес қосқан қандас бауырымыз Ақпар Мәжитке ауданның Құрметті азаматы атағын берді. Ақпар Мәжит өзі келе алмағандықтан куәлікті «Жалайыр» қорының төрағасы Өмірәлі Жалайриға табыс етті. 
Аудан әкімінің сөзінен кейін Күреңбелдің тумасы, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, кино өнерінің тарланы Нұржұман Ықтымбаев сөз алып, Кербұлақ ауданының халқын айтулы шарамен құттықтады. 
Шара соңынан аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары сахналық қойылым көрсетіп, әннен шашу шашты. Тігілген қазақ үйлерде ата рухына құран оқылып, ас берілді. Түстен кейін ұлттық спортқа кезек келді. Білектерін сыбанған көкпаршылар қыздырған дода шашасына шаң жұқпаған тұлпарлар бәсекесіне ұласты. Ал жауырыны жер иіскемеген балуандарымыз боз- кілемнің шаңын қағып, халықтың көңілін жай етті.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26
Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.