Талдықорған: +21°C
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНА ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ КЕЛДІ. ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

24.08.2022
РУХАНИЯТ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНА ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ КЕЛДІ. ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында педагогтардың дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Пленарлық мәжіліске ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысты. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Алғашқы болып сөз алған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев биыл білім саласының бюджеті 274,7 млрд.теңгені кұрап, өткен жылмен салыстырғанда 34 млрд.теңгеге артқанын жеткізді.

Облыста 54 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Ол барлық мектептің 12,7 пайызын құрайды. Сонымен қатар, білім ошақтарында 23273 оқушы орны тапшылығы бар. Оны жою мақсатында 2022-2025 жылдар аралығында 62 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биыл 20 білім беру нысаны салынуда, оның 12-сі қолданысқа берілмек. Аз қамтылған отбасынан шыққан 27765 бала мектеп формасы және оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуда. Демеушілер мен жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер тарапынан жасалған көмектің арқасында 17019 оқушы мектепке толық даярлықпен бармақ.

Жаңа оқу жылында мектебі жоқ 37 елдімекеннен 3 мыңнан астам оқушы тасымалданып оқытылады. Мектептердің 80 пайызында ыстық тамақ ұйымдастырылған. Аз қамтылған отбасы жеткіншектері тегін ыстық тамақпен қамтылады.

– Білім саласындағы өзекті мәселенің бірі – тәрбие жайы. Біз әр баланы «елім», «жерім» дейтін отансүйгіш, мемлекетіміздің өркендеуіне саналы түрде үлес қосатын енбекқор, білімді азамат етіп тәрбиелеуге тиіспіз. Бұл – біздің ағалық парызымыз, азаматтық борышымыз. Осы ретте айта кетер бір жақсы жаналық, облыста бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл жұмысын бастайды. Бұл бала құқығын қорғаудағы көптеген мәселені шешуге ықпал етері сөзсіз, – дей келе Марат Елеусізұлы оқу жылында үлкен жетістікке жетіп, республикалық кәсіптік байқаулардың жеңімпазы атанған бірқатар ұстаздар есімін ілтипатпен атады.

Келесі кезекте сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бала бойына сіңірілуге тиіс негізгі кұндылықтар – терең білім мен патриотизм екенін айта келіп, оны шәкіртке дарытатын ұстаздардың мәртебесін көтеруге мейлінше көңіл бөлініп жатқанына тоқталды.

– Бұрын ұстаздар үй аралап, есік қағып, мектепке баратын балаларды түгендеді. Қоғамдық жұмыстарға тартылып, аула да сыпырды. Қажетті емес есептер жүргізді. Казір ел Президентінің қолдауымен педагогтерге катысты көптеген мәселе шешімін тапты. Жалақылары көбейді. Алдағы жылы да 25 пайызға көтеріледі, – деді. Сондай-ақ, биылғы жылдың жақсы жаңалықтарымен де бөлісіп, жаңа оқу жылында мұғалімдер мен директорлар 5 күндік жұмыс аптасына көшетінін, оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту арқылы оқу жүктемесі жеңілдейтінін, бүгінге дейін 37 мектеп директоры және 12 балабақша меңгерушісі ротацияланғанын, бұл білім мекемесі жұмысын жандандыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Ең басты жаңалықтың бірі – алдағы жылдан бастап мұғалімдерге «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» медалі табысталады. Бұл марапатқа мектепте 25 жылдан астам қызмет еткен ұстаздар қол жеткізбек. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып, алдағы 3-4  жылда үш ауысымды мектептер түгелдей жойылмақ.

Тамыз кеңесінде баяндама жасаған Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева:

– Білімнің іргетасын қалайтын – мектепке дейінгі тәрбие. Осы орайда жаңа оқу жылынан бастап балабақшалар жұмысының жаңа моделі қалыптасып, мемлекеттік стандарт, типтік оқу жоспары бекітілді. Онда балалардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, балабақшада тілдік ортаны қалыптастыру көзделген. Бүгінгі таңда балабақша тәрбиешілерінің статусын көтеру де маңызды мәселе, – дей келе, осы ретте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Орта білім беру жайын да сөз етті.

Жас ұрпақты еңбекке баулудың да маңызы зор. Осыған орай 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізілмек. Болашақ мамандықты таңдауға бағыттайтын кәсіптік бағдар беруші педагог маманы да мектептерде жұмысын бастамақ.

Кеңес барысында үздік педагогтар мінберге көтеріліп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Білім, тәрбие мәселесіне қатысты тың ойларын ортаға салды.

Жиын соңында өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсетіп, талай жыл қажырлы еңбек еткен ұстаздарды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапаттаса, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыс етті.

Алма ЕСЕНБАЙ

Қонаев қаласы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы Басши ауылы елдің үздік туристік ауылдарының қатарына енді

Жетісудағы Басши ауылы елдің үздік туристік ауылдарының қатарына енді

24.06.2026
Қазақстанда интернет неге арзан? Ел әлемдік рейтингте 19-орын алды

Қазақстанда интернет неге арзан? Ел әлемдік рейтингте 19-орын алды

24.06.2026
Шекара шебіндегі игілікті шаралар

Шекара шебіндегі игілікті шаралар

24.06.2026
Ашық терезе тажалмен тең

Ашық терезе тажалмен тең

24.06.2026
Әскери қызметшілер «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Әскери қызметшілер «Мәдениет саласының үздігі» атанды

24.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.