Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚОҚЫСТАН ТАБЫЛҒАН ҚОНАЕВТЫҢ ПОРТРЕТІН 24 ЖЫЛ САҚТАДЫМ — ДЕПУТАТ

21 тамыз 2022
РУХАНИЯТ
ҚОҚЫСТАН ТАБЫЛҒАН ҚОНАЕВТЫҢ ПОРТРЕТІН 24 ЖЫЛ САҚТАДЫМ - ДЕПУТАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Тараз шаһарында қазақтың ұлы тұлғасы Дінмұхамед Қонаевқа зәулім ескерткіш қойылыпты. Құтты болсын! Осы тарихи күнге орай әйгілі саясаткердің мына суретіне байланысты бір оқиғаны сіздермен бөліскім келді.

1998 жыл. КазГУ-дің журналистика факультетінің күндізгі бөлімінде оқи жүріп, қалалық «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып еңбек етіп жүрген кезіміз. Бас редактор  Ерғали Сағат ағамыз (марқұмның иман нұры пейіште шалқысын), тамаша адам еді.

Бір күні басшымыз бүкіл ұжымдағы ер-азаматтарды сенбі күні жұмысқа шығып, сенбілік жасауға шақырды. Ол кезде газет редакциясы Гоголь көшесіндегі 47-үйде орналасқан. 5-қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаты толық редакция еді. Редакцияның алдында шағын бақшасы бар болатын. Тал-теректің түбін қопсытып, қыстан қалған шөп-шаламын тазарттық. Бастығымыз редакцияның жертөлесін тазартып, игілікке жаратуды басылымның коммерциялық бөлімінің басшысы Ермахан ағамызға жүктеген. Кейбір мекемелер айлық-шайлықты азық-түлікпен өтеп беретін, әлеуметтік қайшылықтар алқымнан алып тұрған кез ғой. Басшы-қосшымыз бар, жертөлеге түстік. Кәкір-шүкір, ағаш, темір-терсекке толы, аяқ алып жүргісіз әжептәуір аумақтың шаңы белуардан екен. Жастарымыз бет-аузымызды  орамалмен тұмшалап алып кірістік дейсіз. Бесінге таман жертөлені тазартып, кісі қызығарлық күйге жеткізіп қойдық.

Сол бір адам адасатын ала шаңның астынан дос-бауыр, әріптесім, бүгінде есімі елге мәшһүр Алмат Исаділ төртбұрышты қатырма қағаз көтеріп шықты. Бес батпан шаңын сүртіп қарасақ, жан-жағының жұлым-жұлымы шыққан, келбеті аса бүліне қоймаған,  Димаш атамыздың портреті екен. Кабинетке әкеліп қойдық та жатаққа кеттік. Жексенбіде жуынып-шайынып, дүйсенбі жұмысқа келдік. Редакция тапсырмаларын тап-тұйнақтай етіп орындап болған соң, түс ауа Димекеңнің портретін қолға алдық. Аударып-төңкеріп қарадық. Тазарттық.

Сәлден соң Алмат: «Жәке, алаңдама, қазір мен мұны реставраторлардан артық безендіріп шығамын», – деді. Біраз уақыт бұрын ғана редакциямызға күрделі жөндеу жұмыстары жасалған еді, шаруашылық бөлімінен әдемі фанер мен түсқағаз алып келді. Жұлым-жұлымы шыққан астарын жұлып алып тастап, фанерге қондырды. Жан-жағын оймақтай етіп ойып шықты да, керегеге арналған түсқағазды әдемілеп тіліп, портреттің жақтауын әсемдеп желімдеп еді, даңқты тұлғаның келбеті күлімдеп шыға келді. Сосын: «Жәке, сен  Димаш атамыздың аруағын  ұдайы ұлықтап, Кеңсайға басына жиі барып Құран оқып жүресің ғой, мынау менен саған естелік болсын, рухы қолдап жүрсін!» – деп маған берді. Сол сәттен бастап мен Димаш атамыздың осы бір портретін бір сәт те жанымнан тастаған емеспін.

2000 жылға дейін «Алматы ақшамындағы» кеңседе ту сыртымда тұрды, 5 жылға жуық «Жас Алаш» газетіндегі кеңседе қапталымда, «Жас қазақ» газетінде орынбасар болған 3,5 жылда кеңсемізге жарық беріп тұрды. Сол жылдары шаңырағымызға дәл Димекеңнің туған күнінде дүниеге сәби келді, құлағына үш мәрте айқай салып, азан шақырып, есімін Дінмұхамед қойдық. Біздің Димаш, иншалла, бүгін 15-те, Құдай көп көрмесін!

Ал Жазушылар одағында қызмет еткен 12 жылдың бедерінде Қонаевтың портреті Одақтағы кеңсемде тұрды. Кейін «Ана тіліне» бас редактор болған 2 жыл, 8 айда телерадио ғимаратындағы «Қазақ газеттері» серіктестігіндегі кабинеттің төрін толтырды.

Апта сайын, ай сайын Кеңсайға Димаш атамыздың басына, өзге де аруақтарға арнайы ниет етіп барып, бет сипадық.

Сол ұлт көсемінің бейнесін жертөледегі күресіннен суырып алып, кітаптарымызбен бірге алып жүргенімізге табаны күректей 24 жыл болыпты, ширек ғасыр. Қаншама су ағып, тас қалды. Осы жылдарда ел-халық қаншама соқтықпалы, соқпақсыз кезеңдерден өтті. Күнгейді де, теріскейді де көріп келеміз. Нешеме көрнекті ақын-жазушылар, өнер адамдары, саяси тұлғалар өмірден өтті. Баршасының рухы пейіште шалқысын.

Ал бүгін араға сан жылдар салып Дінмұхамед Қонаевтың ұлт үшін атқарған ұлы істерін ел, қоғам бағалай бастады.

Айтпақшы, жақында осы портретті Алматы қаласындағы Нұрғиса Тілендиев мұражай-үйінің басшысы, аяулы бауырым Е.Ысқақ музейге арнайы сұрай келіпті. Расында, ұлы күйшінің музейіне бек жарасса керек, Димекең мен Нұрғиса аталарымыздың тіршілігіндегі қарым-қатынасы кісі қызығарлық болған ғой.

Ұлыларымызды өз мезгілінде ардақтап, тіршілігінде қадіріне жете білейік!

Жанарбек ӘШІМЖАН,

ҚР Парламентінің депутаты,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.