Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТЕКСЕРІС КЕЗІНДЕ 122 МҰҒАЛІМ ЖАЛҒАН ДИПЛОММЕН ҰСТАЛДЫ — ПРОКУРАТУРА

15 шілде 2022
РУХАНИЯТ
ТЕКСЕРІС КЕЗІНДЕ 122 МҰҒАЛІМ ЖАЛҒАН ДИПЛОММЕН ҰСТАЛДЫ - ПРОКУРАТУРА
WhatsAppTelegramFacebook

Бұрындары мұғалімнің алатын айлығы аз, машақаты көп деп көбі ұстаз болудан қашатын. Жалақысы еселеп көтерілгеннен кейін екінің бірі мектепте мұғалім болғысы келеді. Кейбіреуі балаларды білім нәрімен сусындату үшін 4 жыл оқыса, енді бірі бір-ақ күнде жалған диплом алып, жалғанды жалпағынан басып жүр.

Алматы және Жетісу облыстарында да жалған диплом бизнесі жанданып тұр. Алматы облысының прокуратурасы қала мен аудандардағы білім беру мекемелеріне тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде 122 мұғалімнің жоғары оқу орындарынан өтірік диплом жасатып, сабақ беріп жүргені белгілі болды.

Атап айтсақ, Қарасай ауданынан 69, Сарқан ауданынан 43, Көксу ауданынан 2, Текелі қаласы мен Ескелді ауданынан 4 мұғалім жарамсыз дипломмен ұсталған. Жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атын пайдалану арқылы жасалыпты.

Бұл мәселе бойынша облыс прокурорының аға көмекшісі Қанат Нұхаев:

«Тексеріс барысында 122 мұғалім жалған дипломмен ұсталды. Жалған құжатты пайдалану деректері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органымен 41 маманға қатысты қылмыстық істер кінәсін мойындауына және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына орай ақталмайтын негіздер бойынша өндірістен тоқтатылды және олар қызметтен босатылды», – деді. Сонымен қатар, 81 маманға қатысты қылмыстық іс тергелу үстінде екенін айтты.

Білім басқармасының мамандары бұл істі прокуротура ғана тексере алатынын, жұмысқа кірерде жалған құжаттың шын дипломнан айырмашылығы болмайтынын  айтты.

Ел ертеңі – білімді жастар. Ал ұстаз – жас ұрпақтың жарқын болашаққа баратын жолын айқындайтын ұлы тұлға. Ұстаздың да ұстазы бар. Сондықтан жастарымыз білімді, келешегіміз кемел болсын десек, әуелі мектепті ұстазсымақтардан тазалайық. Ұстаздыққа «ештеңеге жарамай жатсам мұғалім бола саламын» дегендер бармауға тиіс. Міне, сонда ғана білім сапасы артады.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.