Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын…»

12.05.2024
РУХАНИЯТ
«Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын...»

Дәулетбек Байтұрсынұлының есімін алғаш рет нағашым Тұрғанжан Көжекбайұлынан естідім. Бір күні өзара әңгімелесіп отырғанда нағашым әкеме қарап: «Тоқа, мына Қонақайдағы Байтұрсынның Дәулетбек деген баласы бар екен. Жас та болса елгезек, жігерлі жігіт көрінеді. Өзі өлең жазады дейді. Күнес сыфанды (Іле №1 педагогикалық техникумы) бітіріп, аудандық №1 орта мектепке кіріпті. Сол жігіт ауданнан келген қызмет тексеру тобымен бірге біздің Ақдалаға келіп жатыр», – деп отырды.

Екінші рет Ақдаладағы ақын Нұрбақыт Мұхаметжанұлынан естідім. Оқу бітіріп келгелі бері біздің ауылда кооперативтің бас есепшісі болып істеген Нұрбақыттың Дәулетбек мұғаліммен тығыз байланыс құрғанын білдім. Бірі ағарту саласындағы ұстаз, екіншісі қаржы-экономика бағытындағы есепші. Сөйте тұра екеуін әдебиет деген әлем біріктірген. Марқұм Нұрбақыт ағамыз Дәулетбек Байтұрсынұлы туралы ылғи айтып отыратын.

1988 жылы қыркүйекте Ақдала ауылындағы 8 жылдық мектепті бітіріп, Моңғолкүре ауданының орталығындағы №1 орта мектептің 9-шы толық орта сыныбына ауыстым. Үрімжідегі Шыңжаң оқу-ағарту институтын бітіріп келген Дәулетбек мұғалім өзі бұрын жұмыс істеген мектепке оралып, қызметіне кіріскен кезі екен. Мектептің 9-10-сыныптарына сабақ береді. Бір күні түстен кейін мұғалімдер кеңсесінің алдынан өтіп бара жатқанымда қара шляпа, қара пальто киген кісі бетпе-бет кездесе қалды. Ауылдан жаңа келген, бұрын қала көрмеген ауыл баласымын. Бәсең дауыспен: «Ассалаумағалайкум!» деп сәлем бердім. Жылы, жайдары жүзбен: «Уағалайкумассалам! Сен Сержансың ғой, Ақдаладағы Тоқтасын шаужаң (мектеп директоры) мен Бедемхан мұғалімнің баласысың ба?» – деп сұрады. Алғашқы таныстығымыз осылай басталды.

Содан көп өткен жоқ, жылыжүзді, жайдары кісі бізге физика пәнінен дәріс өтетін болды. Осы күні ойлап отырсам сонда небәрі 24 жастағы жас жігіт екен. Бірақ рухани есейген, ортасынан ойы озық екені көрініп тұратын ұстазымыз дәріс біткен соң шәкірттерін әңгімеге тартты. Сабақ үстінде қатал, талапшыл, сұсты болғанымен ондайда емін-еркін, ашық-жарқын қалпын оңай тауып, көбінде әдебиет төңірегінде сөз қозғайтын. Қазақстанда шығатын газет-журналдарды алғаш рет Дәулетбек мұғалімнің қолынан көрдік.

Әлі есімде, бір күні «Біздің Отан» деген газетті әкеліп, өлеңдері шыққанын айтты. Газет бетіндегі атақты Көдек Маралбайұлы мен мұзбалақ Мұқағали Мақатаевқа арнаған «Қос арыс» атты екі өлеңін жабыла оқыдық. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі төте жазумен басылған газеттің келесі бір бетінде жазушы Оралхан Бөкеевтің әңгімесі бар. Содан жарты жылдай өткен соң сол басылымның тағы бір нөміріне Дәулетбек мұғалімнің суретімен топтама өлеңдері басылды.

Осылайша бойымыздағы Қазақстанға, атамекенге деген сағыныш мен сүйіспеншілікті ұстазымыз оятты. Біздерге Дүкен Мәсімханұлы, Думан Аманұлы, Керім Елемесұлы, Ерлан Мәтқабылұлы, Ләззат Игісін, Қабай Сүлеймен, Шаһи Байқадам секілді ақын достары туралы әңгіме айтатын Дәулетбек аға жоғары бағалаған қаламгер Серік Нұғыман жерлесіміз еді. Одан бөлек, Шыңжаң қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, педколледждегі ұстазы, ақын Әзілбек Кінәзбекұлы жөнінде құлақ құрышымызды қандыра сыр шертетін. Алматыда тұратын жазушы Нұрқасым Қазыбекұлымен елге келгенінде танысқанын айтып, жазған шығармалары жөнінде мол мағлұмат беретін. Тіпті, хат алысып тұрғанын кейін білдік. Демек, ұстазымыз физикадан ғана білім беріп қойған жоқ, әдебиет, шығармашылық орта, қоғам, өмір туралы тәлімді тәрбие беріп, дүниетанымымыздың қалыптасуына ықпал жасады.

Осылайша Дәулетбек мұғалімнен тәлім көрген шәкірттер бүгінде әдебиеттің, сөз өнерінің төңірегінде еңбек етіп жүр. Атап айтсам, белгілі ақын, аудармашы, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ABAI.KZ ақпараттық порталының шолушысы Есбол Үсенұлы, ақын, аудармашы, Құлжа қаласындағы «Іле кеші» газетінің редакторы Нұрболат Әбдіқадырұлы, Құлжадағы Іле педагогикалық университеті филология факультетінің профессоры, әдебиетші ғалым Серікбол Дәулеткелдіұлы, Құлжа қалалық мемлекеттік мекемесінің Үкіметтің идеология жөніндегі хатшысы Ербол Мағауұлы, белгілі аудармашы Мархабат Мағауқызы, ақын Нұрбосын Елеусізұлы, балалар жазушысы Ержан Ботайұлы, ақын, әнші, Алматы облысы, Кеген аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Кәдірбек Жайлыбайұлы, Қанипа Бұғыбаева апамыздың өлеңдерін сүйетін Фарида Бұғыбайқызы, Алмагүл Нұракімқызы, Сайлаугүл секілді сыныптастарымыз әдебиетке құштар болды. «Ағаш ағаштан мәуе алады, адам адамнан өнеге алады» деген осы болса керек.

Мектепте ғана емес, бүкіл ауданға танымал Дәулетбек аға әртүрлі әлеуметтік мәселелерге белсенділік танытып, бастамашы болды. Қоғамдық жұмыстардың басында жүріп, аудандық Халық құрылтайының өкілі атанды. Бұл қазіргі аудандық мәслихат депутатымен деңгейлес лауазым. Халық құрылтайының өкілі болу үшін аудандық оқу-ағарту мекемесінің бастығымен бірге сайлауға түсіп, басым дауыспен біздің мұғалімнің абыройы асқақтады. Соған орай үстінен жазылған домалақ арызға облыстан тексеру келіп, ұстазымызды әуреге салды. Тіпті, мемлекеттік қауіпсіздік мекемесі араласып, тергеудің жүргенін естідік. Оған жастар арасындағы беделі, ұлттық рух пен намысты насихаттауы себеп болыпты. Өнерлі жастардың басын қосып «Алау» деген ансамбль құрған. Бір жылдан аса қоғамдық негізде бірнеше концерт қойған ансамбль «Келін келгенде» деген қойылыммен жұрттың қолдауына ие болды. Оған қоса Қазақстанда шығатын газет-журналдарда өлеңінің жариялануы Дәулетбек Байтұрсынұлының түртпек көруіне себеп болған секілді. Әйтеуір, аудандық тұрақты комитет басшыларының бірі Үсен Нұғыманұлының араша түсуімен істің соңы оңды шешілді.

Жадымда қалған бір сезім – Дәулетбек мұғалімге келсек Қазақстанда жүргендей әсерге бөленетін едік. Өйткені ол кісі Нұрқасым Қазыбекұлы, Жолдасбай Тұрлыбаев, Мұхаметжан Абдрахманов, Таупиқ Жексенбиев, Уақап Қыдырханұлы, Құрманбай Толыбаев секілді ардагер ағалармен хат-хабар алысып тұратын. «Шалқар» газетінің бір нөміріне шыққан топтамасы:
Отауымды тіккенше жырдан қай күн,
Қызылымды қымсынбай қырмандаймын.
Өлеңімді сіз бар деп жолдап жүрмін,
Боламын деп, інісі Құрманбайдың, – деп басталатын. Әйгілі «Райымбек» романының авторы Жолдасбай Тұрлыбаев Моңғолкүреге барғанда Дәулетбек Байтұрсынұлының үйіне түскенін ел-жұрт, биліктегілер көрді. 1990 жылы Шерхан Мұртаза редакторлығымен шыққан «Социалистик Қазақстан» газетіне «Үлкен үйдің босағасы» деген өлеңі жарияланған еді. Осындай әрқилы себептер мұғалімнің қудалануына әкеп соқты.

Біз орта мектепті бітіретін жылы Дәулетбек Байтұрсынұлы Моңғолкүредегі №1 орта мектептен ауысып, Құлжадағы облыстық бірліксап мекемесіне қарайтын саяси мектепке кетті.

Кейін ұстазымыздың ауданнан Құлжаға ауысуының негізгі себебі – ұлттық өнерге өріс табу, шығармашылықпен айналысу және атажұртқа көшу екенін білдік. Құлжа қаласында үш жыл қызмет еткен соң виза алдырып, жеке куәлігін жасатып, 1994 жылы 30 маусым күні ақын досы Құл-Керім Елемес екеуі қазақ еліне бірге қоныс аударды. Содан бастап біздің арамыз үзіліп қалды.

Мектеп бітіріп Ақдалада үш жыл жатқан соң жанашырлық көрсеткен кісілердің көмегімен Іле педагогикалық университетінің филология факультетіне оқуға түстім. Оны тамамдап, Қытайдың мемлекеттік ұлт істері комитетінің жанындағы Ұлттар баспасында Үрімжідегі үйлестірушісі ретінде қызмет еттім. Сол жылдары «Қазақстан қаламгерлері» сериясы бойынша бірталай ақын-жазушының кітабын шығардық. Соған орай Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Әдебиет айдыны» газетінде қызмет істейтін Дәулетбек Байтұрсынұлымен хабарласып, өтініш айттық. Қазақстандық авторлармен сөйлесіп, авторлық құқық келісімін әперіп, хаттарын бізге жеткізуді ақысыз, пұлсыз атқарып отырған ағамыздың көмегімен көптеген қаламгердің кітабы Бейжіңнен басылып шықты.

2007 жылы күзде Дәулетбек аға жанына жеңгеміз Бүбайшаны, жиендері Қойшыбек пен келіншегі Қарлығашты ілестіріп, төрт адам болып, қаламгер Нұрмұхан Жанұзақұлының 60 жасқа толған тойына Үрімжі қаласына келді. Сол жолы 14 жылдан кейін қайта кездестік. Содан бірге жүрген бір апталық іссапар өте көңілді, мағыналы өтті. Өткенді айтып, арқа-жарқа жамырасып, жанымыз нұрланып қалды. Үрімжідегі Шыңжаң халық баспасына, «Шұғыла» журналына бірге бардық, шығармашылық кездесулерге қатыстық.

1994-1997 жылдары Жоғарғы кеңестің жанынан шығатын «Халық кеңесі» газетінде жауапты хатшының көмекшісі, 2005-2011 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы «Әдебиет айдыны» газетінде жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Ан-Арыс» баспасында редактор, 2011-2015 жылдары «Da Kazakhstan» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарған Дәулетбек Байтұрсынұлы бүгінде балаларға арналған республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы. Ұйғыр әдебиетін насихаттауға үлес қосқаны үшін І дәрежелі «Ильһам» әдеби сыйлығын, Түріксойдың «Мақтымқұлы Фраки» медалін, Түрік Жазушылар одағының «Юнус Эмре» медалін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» атағын алған Дәулетбек Байтұрсынұлы 10-ға жуық өлеңдер жинағының, ұйғыр, қырғыз, өзбек, түрік, әзірбайжан қаламгерлерінен аударған 10 кітаптың, 4 прозалық жинақтың авторы.

Биыл 8 наурыз күні 60 жасқа толған қаламгерді Талғардың Қызылқайрат ауылындағы үйіне арнайы барып, құттықтап шықтым. Қайтып келе жатқанда қазақтың ұлы композиторы Әсет Бейсеуовтің атақты «Ұстазым» әні санамда жаңғырды. «Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын…» деп басталатын ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың жазған өлең жолдары ойыма орала берді. Үйге жеткенше қайталап-қайталап айтып, көпке дейін әннің әсерінен шыға алмай жүрдім.

Физика пәнінің мұғалімі, әдебиеттегі ұстазымыз, рухани жетекшіміз, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Дәулетбек Байтұрсынұлының «Ерлік ескірмейді» атты мақалалар жинағы мен «Хылует» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Қос кітаптың таныстырылымы алдағы мамыр айында өтеді. Қазақтың намысты, рухы биік ұлы, артынан сандаған шәкірт ерткен асыл ағамыздың алар асуы әлі алда деп білемін.

Бұл мақалада ұстазымның шығармашылығын емес, көпшілік біле бермейтін, шегараның арғы бетіндегі азаматтық келбетіне, қайраткерлік тұлғасына аялдадым. Аталарымыз: «Көп ауған жаққа Қызыр ауады» депті. Сол айтқан Қызыр шалған құтты мекеннің қызығын бірге көрейік!

Сержан ТОҚТАСЫНҰЛЫ,
әдебиетші, сыншы

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.