Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАҢАЛЫҚ АУЫЛЫНЫҢ МЕШІТІ ЖЫЛ ОН ЕКІ АЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЙДЫ

16 мамыр 2022
РУХАНИЯТ
ЖАҢАЛЫҚ АУЫЛЫНЫҢ МЕШІТІ ЖЫЛ ОН ЕКІ АЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тұрмысы төмен, кем-кетік жандарға жәрдемдесу, қол ұшын беру, жығылғанға сүйеу, жылағанға жұбаныш болу – мұсылманның парызы. Осы бір сауапты істі жыл он екі ай бойы жібін үзбей жалғастыруды қолға алған Жаңалық ауылдық мешіті тарапынан әр ай сайын 100 отбасыға бір айлық мөлшердегі азық-түліктің тегін таратылуы дәлел болса керек.

Оған атымтай жомарт азаматтар мен демеушілер атсалысуда. Мәселен, жуырда Тереңқара ауылының тұрғыны Ақнұр Мырзаеваға Жаңалық мешітінен бір айға жетерлік азық-түлік пен көмір түсіруіне 100 мың теңге көмек көрсетілген.

— Қайырымдылықтың қайыры болады. Өткен айда көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен 500 отбасына азық-түлік тараттық. Ал, қасиетті Рамазан айында мешітте күнделікті 70-120 адам аралығында ауызашар берілді. Жаңалық ауылында жетім-жесірлер көп. Қалаға жақын болғандықтан көбінесе пәтер іздеп келетіндер кездеседі. Кейбірінің асыраушылары тастап кеткен. Олардың отбасында кемі 3-4 баладан бар. Жаңадан үй салып, материалдық қиындық көретіндер де болады. Сондықтан, тұрмыс тауқыметін тартқан жандарға қол ұшын беріп, көмектесуді парыз санаймыз, – дейді Жаңалық ауылдық мешітінің имамы Руслан Аманкелдіұлы.

Қайырымдылық жасауға мешіт имамдарынан өзге мектеп мұғалімдері мен ауыл әкімі Нұрболат Манапбаев, орынбасары Нұрбол Ерікұлы, ауыл тұрғындары Тамара Егізбекқызы, Азат Мұратұлы сынды азаматтар да белсенділік танытып, «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасыларды назарға алып, оларға демеушілік жасауды жолға қойған. Осылайша мейірімділік пен қайырымдылықтың жылуын сезінген жандардың ауылдастарына алғыстан өзге айтары жоқ.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.