Талдықорған: +22°C
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАДЫМЫЗДАН ӨШПЕЙДІ. БҮГІН — САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

31.05.2022
РУХАНИЯТ
ЖАДЫМЫЗДАН ӨШПЕЙДІ. БҮГІН - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – Саяси қуғын-сүргін жылдары миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан қиын да қасіретті күндерге тиесілі. Осыған орай жыл сайын ұжымдастыру кезінде аштыққа ұшырағандарды, қызыл империяның қысымынан туған жерін тастап кетуге мәжбүр болғандарды еске аламыз. Сол жылдардағы адам шығыны мен отандастарымыз тартқан тағдыр тауқыметі жайлы ойлағанда жан жүрегің езілмей қоймайды.

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай: «Қуғын-сүргіннен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабамыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық», – деп атап өтті.

Сонау зұлмат жылдарды зерттеушілердің деректеріне қарағанда 1927-1953 жылдары Қазақстанда қуғын-сүргінге ұшыраған 125 мыңнан астам адамның 25 мыңы атылған. Осы жылдарда Кеңес одағында 953 лагерь болса, Қазақстанда 20-дан астам ГУЛАГ лагері болған. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхаметжан Тынышпаев, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров, Ыбырайым Жайнақов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.

Тарихшылардың дерегі бойынша қуғын-сүргінді үш кезеңге бөліп қараған дұрыс. Қуғын-сүргіннің бірінші кезеңі 1918-1922 жылдар аралығында болды. Бұл кезеңде патша үкіметінің бұрынғы шенеуніктері, әскерилер, большевиктердің саяси қарсыластары, ақ гвардияшылар, алашордашылар, имамдар, ірі саудагерлер, фабрикант байлар қуғын-сүргінге ұшырады. Большевиктік «Қызыл террор» деп аталған бұл кезең азаматтық соғыс жылдарына сәйкес келеді. Бейбіт халық ақ не қара екені анықталмастан қырғынға ұшырады. Жетісудағы халық осы қуғын-сүргін мен ашаршылық салдарынан көршілес Қытай жеріне босып кетуге мәжбүр болды.

1927-1933 жылдар аралығында болған қуғын-сүргіннің екінші кезеңінде «Ұжымдастыру» саясатына қарсы деген айыппен көптеген ірі байлар мен орташалар сотталып, мал-мүлкі тәркіленді. Солақай саясаттың зардабын халық тартып, 1932-1933 жылдар аралығында Қазақстан халқы жаппай ашаршылыққа ұшырады.

1936-1938 жылдар аралығында орын алған қуғын-сүргіннің үшінші кезеңін тарихшылар сталиндік «Үлкен террор» деп атайды. Бұл кезеңде негізінен «халық жауы» деген айыппен партия мүшелері, интеллигенция өкілдері, шаруалар қуғындалды. НКВД үштігі құрылып, жалған айып тағылған адамдар сот үкімінсіз атылды, итжеккенге айдалды. «Үлкен террор» мұнымен тоқтамай Сталиннің өліміне дейін, яғни 1953 жылға дейін жалғасты.

Осы қасіретті де қиын жылдардың дәйекті дерегі ретінде Алматы облысының мемлекеттік архивінде тұрған 2, 270, 348, 408, 489, 685, 830 қорларда көптеген құжат сақталған. Онда Ілияс Жансүгіровті ату туралы анықтама мен фотоқұжаты, Сәкен Сейфуллиннің айыптау куәлігі және Досмұханбетовтың бақылау ісі, Садық Аманжоловтың өз қолымен жазған өмірбаяны, Ыбырайым Жайнақовтың Әскери-революциялық комитетке жазған хаты, хаттамасы, телеграммалары сияқты аса маңызды құжаттар бар.

1991 жылы Іле ауданының Әли және Талғар ауданының Жаңалық ауылдарын жалғаған жол бойынан 1930-1940 жылдар аралығында атылған 4121 адамның көмілген орны табылды. 1992 жылы Талғар ауданының Жаңалық ауылының аумағынан 3,5 гектар жер телімі бөлініп, мемориал ескерткіш орнату туралы Алматы облысы әкімінің шешімі шықты. Ал, 2002 жылы 31 мамырда Жаңалық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Облыс әкімінің қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіштің жобасына байқау жариялау туралы және облыс әкімінің 1992 жылғы 28 қазандағы Іле ауданы Әли ауылына қарасты жерде саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш тұрғызу туралы шешімдері біздің архивтегі 972 қорда сақтаулы тұр.

Біздің халық саяси қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді есінен шығарған емес. Қадамын нық басып, іргесін берік қалаған Қазақстан халқы өткеннен сабақ алып, тарихтың қасіретті беттерін ешқашан ұмытпайды. Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңнің табы береке-бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халық жадында мәңгілікке сақталады.

Айсұлу ДОНБАЕВА

Қарасай ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

25.06.2026
Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

25.06.2026
Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

25.06.2026
Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

25.06.2026
Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

25.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.