Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫ: ӨМІР СҮРУ ҮШІН ӨЗГЕРЕ БІЛУ КЕРЕК

17 сәуір 2020
РУХАНИЯТ
ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫ: ӨМІР СҮРУ ҮШІН ӨЗГЕРЕ БІЛУ КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Н.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деген еді.

Бұл – барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Тұңғыш Президентіміздің бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасыны ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет.

Осыған байланысты әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтсек дейміз. Олар: 1.Бәсекелік қабілет; 2.Прагматизм; 3.Ұлттық бірегейлікті сақтау; 4.Білімнің салтанат құруы; 5.Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6.Сананың ашықтығы.

«Рухани жаңғыру» жобасы 3 кезеңнен тұрады. Олар:

Бірінші кезең – 2017-2020 жылдар аралығын қамтиды.

Бұл кезеңнің міндеттері:

– Ортамерзімді және ұзақмерзімді кезеңге арналған бағдарламаның мақсаттары мен жұмыс көрсеткіштерін әзірлеу мен бекітуді қоса алғанда, мақсатты белгілеу үдерістері, мақсаттарға қол жеткізу деңгейін өлшеу үшін критериалдық аппараттар мен құралдарды құру (индикаторлар, зерттеу және өлшеу әдістері және басқалар);

– Бағдарламаны жүзеге асыруда педагогикалық, оқушылар, ата-ана қоғамдастығын, халықты, бизнес өкілдерін және мемлекеттік мекемелерді, соның ішінде, ҮЕҰ мен жастар ұйымдарын тарту.

Екінші кезең – 2021-2025 жылдарды қамтиды.

Кезеңнің мақсаты – негізгі жобаларды іске асыруды аяқтау мен ортамерзімді мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ, бірінші кезеңде қалыптастырылған критерийлер бойынша қоғамдық сананың өзгеру динамикасын бағалау.

Үшінші кезең  2026-2030 жылдар аралығында.

Бұл кезеңнің мақсаты – ұзақмерзімді мақсатты индикаторларға қол жеткізу және Бағдарламаның қол жеткізілген нәтижелерін бағалау болып табылады.

Тұңғыш Президентіміз бұл орайда: «Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.

Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді», – деп жас ұрпаққа жаңа жол көрсетіп берді.

Мақала жетекшісі: Ф.А.ҚОЗЫБАҚОВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, ғылым докторы

А.С.ПИРЖАНОВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің студенті

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.