Талдықорған: +8°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жомарт Игіман: Ақылды әрі сұлусыңдар барлығың

11 наурыз 2025
РУХАНИЯТ
Жомарт Игіман: Ақылды әрі сұлусыңдар барлығың
WhatsAppTelegramFacebook

Бар тіршілік оянады той қамдап

Түсті ме екен таудан төмен сырғанап,

Көктем-қызға әлем біткен тұр қарап.

Жел сұқтанды сұлулыққа қайран қап,

Жер бусанды лезде ширап, жайраңдап,

Ақ бұлақтар жол тапқаны жылғалап.

Жүгірді су сай-саламен сайрандап,

Бар тіршілік оянады той қамдап.

Той бастауы таудан түскен Көктем-қыз,

Табиғатпен тамырласып кеткенбіз,

Наурызда біз желпінеміз мейрамдап.

Мейірімін аямаған баладан,

Қымбат кім бар бұл жалғанда анадан.

Керек кезде кім жаныңнан табылған,

Қамқор кім бар жанашырың-жарыңнан,

Ізгілік нұр анамыздан тараған.

Мәңгі бақи ашық болсын аспаның,

Қимас құрбы, әпке-қарындастарым.

Гүл перзентім, қызым менің-жан балам,

Тыңда бүгін тілегімді арнаған,

Шуақты ойға толсын ғұмыр-дастаның.

Жауқазындай жаулап алып жанарды,

Тал бесік пен тербетесің ғаламды.

Ер азамат тапсыратын тағдырын,

Ақылды әрі сұлусыңдар барлығың,

Қарашы, әне, табиғат та жаңарды,

Қарашы, әне, табиғат та таранды…

 

Жайнасын көрікті күн!

 

Қыс кетіп апыл — ғұпыл,

Күн күліп нұр сыйлады.

Қар сіңіп ашылды қыр,

Бәйшешек қылтиғаны.

Жылға боп жетті көктем,

Биіктен төмен құлап.

Самал леп өпті беттен,

Думанға бөленді бақ.

Көктемді жанар талып,

Алты ай қыс дала күткен.

Кеткендей ажарланып,

Наурызда ана біткен.

Маңайдан арылды ызғар,

Сезіндім жылуды анық.

Наурызда ару қыздар,

Жайнайды сұлуланып.

Қыздарды гүл ме дедім,

Көз тартып жасанатын.

Білгенге бұл дегенің,

Көктемнің шапағаты.

Жыл сайын кемелденіп,

Жаңғырып, жаңарамыз.

Мейіріммен мерейленіп,

Бусанды Жер – Анамыз.

Ертеңге құт тілерсің,

Ертеңге сеніп тұрмын.

Мереке құтты болсын,

Жайнасын көрікті күн!

 

ШУАҚ ПЕН ШЫРАҚ

 

Қайран жастық…

Қызыққа құмар жаны,

Баста мәңгі,амал не, тұра алмады.

Шіркін, уақыт, оздың-ау шаң қаптырып,

Түлкі-арман жеткізбей бұлаңдады.

Жүруші ем ғой өртеніп, жана жаздап,

Жастығымнан бір белгі қала ма аздап?

Айран жақты егделік иегіме,

Құс жолындай самайым ағараңдап.

Босағасы ырыс-құт, төрі сенім,

Өз ортамның бөрісі, серісі едім.

Қимастықтың жасы боп төгіле ме,

Мұз боп қатқан көкейде ерісе мұң.

Жылдар өтті ел мен жер қамын жырлай,

Туады өлең түнім мен таңымды ұрлай.

Шуақ төктім нұр құйып жазғаныма,

Шырақ жақтым бағыттан жаңылдырмай.

Шабыт көктен төгілсін, сарқылмасын,

Жүрек жылып, тамырда қан туласын.

Жұлдыз біткен жымыңдап жырымды оқып,

Сарынымды ұнатып ай тыңдасын.

 

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33
Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.