Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

 ТҮРКИЯ – ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТИКАСЫ: ҰҚСАСТЫҚ ПЕН ЕРЕКШЕЛІК

10.11.2024
САЯСАТ
 ТҮРКИЯ – ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТИКАСЫ: ҰҚСАСТЫҚ ПЕН ЕРЕКШЕЛІК

Журналистика – қоғамның айнасы, әлеуметтік өмірдің көрінісі. Әр елдің өзіне тән медиа жүйесі, журналистика саласы дамып, қоғамның мәдениеті мен саяси ахуалына әсер етеді. Бауырлас түркі елдерінің бірі – Түркиядағы журналистика мен біздің елдің медиасын салыстыру қызық әрі маңызды. Түркияда жүріп осы елдің журналистикасын тереңірек зерттей отырып, түркітілдес халықтардың ақпарат тарату жүйесіндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктерін байқадым.

Түркияда журналистика саласы  дамыған және оны әлем таныған. Мұндағы газеттер мен телеарналарда жаңалықтарды ұсынудың форматы, қызметкерлердің кәсіби даярлығы, ақпарат  жинау және жеткізу әдіс-тәсілдері барлық жаһандық стандарттарға сәйкес жасалады. Медиа саласындағы басты ерекшелігі – журналистердің қоғам алдындағы жауапкершілігі. Мұнда журналистика көп жағдайда қоғамды ақпараттандырып қана қоймай, әлеуметтік мәселелерді шешуге  үлес қосады. Түркияда халықтың әрдайым газет оқып, ақпаратты дәстүрлі түрде тұтынуы, қоғамдық көліктерде, әсіресе метро мен автобустарда адамдардың газетке үңіліп отырғанын жиі көруіміз – осы елде газет оқудың қалыпты жағдай екенін көрсетеді.  Қазақстанда, соның ішінде өзімнің туған өңірім – Жетісу облысында журналистика негізінен  дәстүрлі форматта жұмыс істейді. «Jetisy» газеті сияқты облыстық басылымдар жергілікті жаңалықтар мен аймақтың тыныс-тіршілігін көрсету арқылы оқырманға қажетті ақпаратты ұсынады. Бірақ соңғы жылдары интернет-журналистика мен әлеуметтік медиа қарқынды дамып,  аудиторияға өзінше ықпал етуде.

ҰҚСАСТЫҚ: Түркия мен Қазақстанның журналистика саласында бірқатар ұқсастық бар. Екі елде де жергілікті журналистер халықтың мәдениеті мен әлеуметтік мәселелеріне баса назар аударады. Түркияда да, Қазақстанда да журналистер халыққа жақын, күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді қозғайды. Әлеуметтік жағдайды шешуге атсалысады.

ЕРЕКШЕЛІК: Бірақ бір айырмашылығы, Түркиядағы медиа құрылымдар халықаралық деңгейде көп танылып, әлемдік аренада маңызды орын алады. Бұл жағдай оның саяси ерекшелігі, мәдени дамуымен тікелей байланысты. Түркияда газет оқу әдеттегі құбылысқа айналған. 

Түркияда жүріп, көп нәрсені үйреніп қана қоймай, өзімнің туған жерімнің жаңалықтарын әрдайым бақылап отырамын. Жетісу облысының оқиғалары мен әлеуметтік мәселелерін жақсы білуім мені журналистика саласында белсенді болуға итермеледі. Түркиядағы  ұстаздарым мен қатарлас студенттерге туған өлкемдегі жаңалықтарды «Жетісу» газетінде жазылған мақалалар арқылы аударып, өңірдің тыныс-тіршілігін таныстыру мен үшін үлкен мәртебе. Осылайша, өзімнің журналистикадағы білімімді туған өлкемнің мәселелерін шешуге, ақпарат таратудың сапасын арттыруға бағыттауға ниеттенудемін.

Түркітілдес халықтардың медиа ықпалдастығы

Қазақстан мен Түркияның арасында туыстық, бауырластық байланыс бар екенін айта кету керек. Бұл байланыс тек мәдениетпен ғана емес, ақпараттық кеңістікпен де тығыз байланысты. Әсіресе, түркітілдес халықтардың журналистика саласында да өзара ықпалдастығы өте маңызды. Біз түрік ағайындарымыздың тәжірибесінен көп нәрсені үйрене аламыз, өйткені олар медиа саласын дамытудың жоғары деңгейінде тұр. Түркияның медиа саласындағы бір ерекшелік –   әрбір аймақтың  басылымдары мен жаңалық арналары жұмыс істейді. Бұл жергілікті мәдениет пен дәстүрдің сақталып, оның қоғам өмірінде маңызды орын алуына септігін тигізеді. Яғни, ұлттық тәрбие, тіл, дәстүрлерін сақтауға тырысады.  Қазақстанда да, соның ішінде Жетісу облысында, жергілікті басылымдардың өзіндік орны бар. «Jetisy» газеті – бұл аймақтың мәдениетін, әлеуметтік жағдайын және тұрғындардың қажеттілігін көрсететін  ақпарат құралы. Жергілікті журналистерге халықтың тұрмысы мен проблемаларын жан-жақты зерттеу керек, өйткені әрбір аймақтағы мәселелер бір-бірінен ерекшеленеді. Түркітілдес халықтар арасындағы ортақ тіл мен мәдениет байланыстары да ақпарат алмасу мен өзара тәжірибе бөлісуге зор мүмкіндік береді. Түркияда жүргенде  жергілікті және халықаралық деңгейдегі медиа құрылымдарымен жұмыс істеп, тәжірибемді дамыттым. Түрік ағайындардың медиа саласындағы жетістіктерін өзімнің кәсіби өміріме бейімдей отырып, Жетісу облысында ақпараттың сапасын арттыру үшін өз үлесімді қосуға тырысамын. Бұл бағытта түркітілдес мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың маңызы зор. Осы жолда біз өзара білім мен тәжірибе алмасуды жалғастыруымыз керек.

Ынтымақтастықтың  мүмкіндіктері

Түркия мен Қазақстанның медиасын салыстырып, журналистикадағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талқылай отырып, болашақта екі ел арасындағы ынтымақтастықты күшейтудің маңызы зор екенін түсіндім. Түркияда алған білімім мен тәжірибемді туған өлкемнің медиасында қолдану арқылы, аймақтық ақпарат кеңістігін дамытуға өз үлесімді қоса аламын. Түркітілдес елдер арасындағы ақпараттық алмасу мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін пайдалана отырып,  өзара мәдени, әлеуметтік  және ақпараттық байланыстарымызды одан әрі нығайта аламыз.

Қазақстан мен Түркия арасындағы ақпарат алмасу өзара түсіністік пен достық қарым-қатынасты арттырып, болашақта екі елдің журналистикасының жаңа кезеңіне жол ашар еді. Түркиядағы медиа құрылымдарының тәжірибесін, ақпараттық басқару мен жаңалықтар ұсыну тәсілдерін  Қазақстанға әкелу, сонымен қатар түркітілдес елдердің ақпараттық кеңістігін кеңейту – бұл біздің ортақ мақсаттарымыздың бірі болуы тиіс. Өзімнің журналистикадағы білімімді тек туған жерімде ғана емес, жалпы түркі әлемінде пайдалансам деген ниетім бар.

Жансая Биқұрман,
Анкарадан «Jetisy» газеті үшін

 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.