Талдықорған: +19°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ҚАНАТ БІТІРЕТІН ҚҰНДЫЛЫҚ»: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖАСТАРҒА ҮНДЕУ ТАСТАДЫ

14.12.2019
САЯСАТ
"ҚАНАТ БІТІРЕТІН ҚҰНДЫЛЫҚ": НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖАСТАРҒА ҮНДЕУ ТАСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертке қатысты. Бұл туралы «Қазақпарат» жазды.

Шара салтанатында Елбасы барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

— 1991 жылы 16 желтоқсанда арнайы заң қабылдап, бүкіл әлемге Қазақстанның тәуелсіздігін жарияладық. Біз елдігіміздің жаңа дәуірінің негізін қалап, куәгерлері болдық. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын орындау мәртебесі біздің буынға бұйырғанын мақтан тұтамын, — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев басқа мемлекеттер ғасырлар бойы жүріп өткен үлкен жолды Қазақстан 28 жыл ішінде өткергенін атап өтті. «Халықтың бірлігінің арқасында қуатты, тәуелсіз және гүлденген мемлекет құрдық. Осы жолда мен сіздердің әрқайсыларыңыздың, әрбір қазақстандықтың үлкен қолдауын сезіндім. Баршаңызға ризашылығымды білдіремін», — деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы да айтты.

— Тәуелсіздік жылдарында біз ашық және нарықтық экономика құрдық. Қазақстан экономиканың көлемі және инвестициялар тарту жағынан Орталық Азия өңірінде көш бастап келеді. Біз геосаяси әлеуетімізді құрлықтың шығысы мен батысын байланыстыратын көлік дәлізін құру арқылы іске асырдық, — деді ол.

Елбасы мемлекет тағдырына деген сенім пен жауапкершілік, халықтың ерік-жігері біздің ұлтымызды біріктіргенін атап өтті. «Тәуелсіздік — халыққа қанат бітіретін құндылық. Мұндай баға жетпес байлық кез келген халыққа бұйыра бермейді. Оған қол жеткізген күннің өзінде де бәрі бірдей игілігін көре алмауы мүмкін. 1991 жылы біз қанатымызды кеңге жайып, жарқын болашаққа қадам бастық», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың жас буынына арнайы үндеу тастады. «Біз сендер жақсы өмір сүру үшін барлық жағдайды жасадық. Сондықтан, тек қана алға ұмтылып, биік белестерді бағындырыңдар, асқар асуларға талпыныңдар. Ең бастысы – елімізде бірлік, бейбітшілік пен келісімді сақтай біліңдер. Бұл – біздің Тәуелсіздігіміздің басты жетістігі және алдағы жеңістеріміздің кепілі», — деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзінің отыз жыл бойы елдің жарқын болашағы үшін қызмет ету мәртебесіне ие болғанын мақтан тұтатынын айтты.

— Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін еселей түсу маңызды. Сондықтан, барлығымыз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге болуымыз керек. Біздің ойымыз да бір, мұрат-мақсатымыз да ортақ. Ол – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Елбасы барша халықты тағы да Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Көрермен көңілін босатқан

Көрермен көңілін босатқан

08.05.2026
Құқықтық сауат – қоғам тірегі

Құқықтық сауат – қоғам тірегі

08.05.2026
Тылдағы еңбек – Жеңіске қосылған өлшеусіз үлес

Тылдағы еңбек – Жеңіске қосылған өлшеусіз үлес

08.05.2026
Өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, жасанды интеллект енгізілді

Өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, жасанды интеллект енгізілді

08.05.2026
Құрылтай туралы заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Құрылтай туралы заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

08.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.