Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТТІ»: ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ТҮРМЕ ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

15 ақпан 2020
САЯСАТ
"ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТТІ": ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ТҮРМЕ ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде сыбайлас жемқорлық, парақорлық сынды қоғам дертіне шипа табу үшін көптеген іс-шара қолға алынуда. Ол жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында кеңінен тоқталып, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің маңыздылығын атап өткен болатын. Осыған орай облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары мен орынбасарлары Талдықорғандағы №155/16 тергеу изоляторына арнайы барып, жазасын өтеп жатқан жандардың тыныс-тіршілігімен танысты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті және облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары бірлесіп ұйымдастырған шараға қатысушыларды түрме бастығы Бауыржан Қалымов күтіп алып, темір торда қалыптасқан тәртіп пен жұмыс ережесін таныстырды.

Оның айтуынша, іргетасы 1954 жылы қаланған абақты 400 адамға арналған. Қазір онда 200-ге жуық жан соттың үкімін күтіп жатыр. Олардың арасындағы бұрын сотталғандары бөлек камераларға қамалса, алғаш рет қылмысты болғандары өзара оқшауланған. Сонымен қатар, әрбір камераға қылмысының деңгейіне байланысты 8-10 адам орналастырылады.

Абақтыдағылардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар және мемлекет қаржысын талан-таражға салған он шақты адам бар.

Қамаудағылардан бөлек тергеу изоляторында шаруашылық қызметкерлері жұмыс істейді. Олар да сотталған, яғни жазасына байланысты түрмеде жұмыс істеуге қалдырылған қылмыскерлер. Абақтыда жатқандардың тамағын беріп, кір-қоңын жуу, кітапханадан кітап апару, мекеменің тазалығын қарау секілді жұмыстарды атқаратын шаруашылық қызметкерлеріне айлық жалақы төленеді. Олар үшін релаксация кабинеті, кітапхана, демалыс бөлмесі, жаттығу залы жасақталған.

Түрмеде жатқандар күніне 2 сағат төбесі темір тормен жабылған серуендеу алаңына шығарылады. Сондай-ақ, туыстарымен кездесіп, мерзімімен азық-түлік, қажетті киім-кешек алып тұрады.

Түрме тынысын көрушілер толық аралап шыққан соң №155/16 тергеу изоляторы әкімшілігінің ғимаратындағы мәжіліс залына жиналып, оларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мамандары түсірген деректі фильм көрсетілді.

Онда өткен жылдары парақорлық дерегімен істі болған лауазымды тұлғаларға тағылған айыптар мен кесілген жаза толық баяндалады. Бейнероликтен соң экскурсияға қатысушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев пен изолятор басшысы Бауыржан Қалымовтың әңгімесін тыңдады.

Мемлекеттік деңгейде қолға алынып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызды екендігіне тоқталған Жандос Сағындықұлының айтуынша, 2018 жылы басталған «Шалынып қалма» атты жобасы негізінен мемлекеттік қызметкерлерге түзету мекемелерін көрсетуге бағытталған. Осыған байланысты еліміздің барлық өңірлерінде әртүрлі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері еңбекпен түзеу колониялары мен тергеу изоляторларындағы тыныс-тіршілікпен танысуда.

– Бүгінгі экскурсияның мемлекеттік қызметкерлерге тигізер әсері баршылық. Өйткені, бұл бағыттағы жұмыс бірлесе жүргізгенде ғана нәтиже береді. Сондықтан әрбір мекеменің, басқарманың басшылары өз қызметкерлерімен жемқорлықты жою жолында жұмыла жұмыс жасауы керек, – деген Жандос Жұмабаев түрмеден шыққаннан кейінгі әсердің көзге бірден байқалғанын айтып берді. – Тас қабырғалы түрмеге қысқа уақытқа кіріп-шыққанның өзі адамдарға қатты әсер еткенін байқадық. Арасында ауырып шыққандар да болды. Кейбіреулер бірауыз сөз айтпай, бұл жерден тезірек шығуға асықты. Бір қызметкер басшысы шақырып жатқанын айтып кетіп қалды. Бұл әркімнің ішкі жан дүниесіне әсер ететін, тәрбиелік мағынасы бар іс-шара. Сондықтан, түрмедегі мазасыз тірлік әркімге ой салады, болашаққа деген көзқарасын түзеуге септігін тигізеді деп ойлаймын. Сол арқылы заңға қайшы әрекеттердің тыйыларына сенемін.

Бір қызығы, түрменің кітапханасында 2 мыңға жуық кітап бар. Олардың 1500-ге жуығы көркем әдебиет болса, қалғаны Ислам дініне қатысты туындылар. Діни кітаптарды облыстық дін істері басқармасының мамандары жеткізіп беріпті. Себебі, түрмеде жатқандардың арасында діни көзқарасына байланысты істі болғандар бар. Негізі, түрмедегілердің басым бөлігі уақытын кітап оқумен өткізетін көрінеді. Түрме кітапханашысы Анар Нүсіпованың айтуынша, абақтыдағылар бір аптаның ішінде 200-ге жуық кітапты оқып шығады.

«Шалынып қалма» жобасы келешекте облыстың барлық қала, аудандарында жалғасады.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.