Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«БӨЛЕК ЕКЕН»: ЕРІКТІЛЕР НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ КӨЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

16 қаңтар 2020
САЯСАТ
"БӨЛЕК ЕКЕН": ЕРІКТІЛЕР НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ КӨЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті және оның желілік бөліністері қызметкерлері еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні аталған нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісі – еріктілердің үлкен қызығушылығын тудыруда. Осы орайда, департаменттің әкімшілік полициясы басқармасының ұйымдастыруымен еріктілер кездесуі өз жалғасын тапты.

Бұл жолы тағы да көлік полицейлерімен кездесуге ұсыныс білдіріп, белсенділік танытқан еріктілер — Нұр-Сұлтандағы Менеджмент және бизнес колледжінің «Құқық қорғау қызметі» мамандығының студенттері болып шықты.

Кездесу департамент ғимаратында орналасқан мұражайдан басталды. Онда Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есболат Шаймерденов еріктілерді департаменттің құрылу тарихымен және бүгінгі тынысымен таныстырды. Есболат Жұмағатұлы оларға негізгі қызметтер мен бөліністер, қызмет көрсету аумақтары жөнінде кеңінен баяндап берді. Әсіресе, ардагердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әріптестері, олардың қылмыскерлерді ұстау кезінде көрсеткен ерен ерліктері туралы әңгімесі өте әсерлі болды. Әңгіме барысында еріктілер де өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Бұдан соң экскурсия «Нұрлы жол» вокзалында жалғасты. Еріктілер вокзалдағы полиция кезекші бөлімінің жұмысын көріп, Жолаушылар поездарына ілесіп жүру батальоны қызметімен танысты. Олар кинология мамандарының қызметтік іздестіру иттерімен жүргізген  ойындарының өздеріне мол әсер қалдырғанын жасырмады.

— Бүгінгі күн біз үшін ерекше есте қалмақ. Полицейлер қызметі туралы есту бір бөлек болса, көру бір бөлек екен. Еріктілер – өздерінің бос уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсайтын жандар болғандықтан, бұл кездесу бізге үлкен серпін бергендей. Полицейлермен бірге қоғамдық тәртіпті қадағалау ісіне біз де өз үлесімізді қосқымыз келеді, — дейді колледждің II-курс студенті Алдаберген Темірлан.

Кездесу соңында еріктілер экскурсия үшін департамент басшылығына, оның әкімшілік полициясы басқармасына шынайы алғыстарын жеткізді.

Еске сала кетейік, Көліктегі полиция департаменті бұған дейін «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында қылмыстың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық жөнінде еліміздің 25 білім беру мекемелерімен меморандум жасасқан болатын. Оның ішінде, 21 колледж, 2 университет, 1 академия және 1 оқу басқармасы бар.

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.