Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Екі күнде 75 жол апаты: ІІМ жүргізушілерді сақ болуға шақырады

23 мамыр 2023
САЯСАТ
Екі күнде 75 жол апаты: ІІМ жүргізушілерді сақ болуға шақырады
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда екі күнде 75 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 27 адам қаза тапты.

Бұл туралы  7-su.kz желілік басылымы Polisia.kz дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Аталған жағдайға байланысты ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жүргізушілерге арнайы үндеу жасады.

– Құрметті азаматтар! Күннің жылуына байланысты жолдарда көлік саны күрт көбейді. Дәл осы кезеңде жүргізушілер жол ережесін сақтамайды. Бұл қайғылы оқиғаларға алып келеді. Елімізде екі күннің ішінде 75 жол-көлік оқиғасы орын алып, 27 адам қаза тапты. Жол көлік оқиғаларының көп бөлігі Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында болды. Апаттар көбінесе қала сыртындағы жолдарда түнгі уақытта болып отыр. Төрт ірі жол-көлік оқиғасы жеке тасымалдаумен айналысатын шетелде тіркелген автокөліктермен жасалған. Жамбыл облысындағы Алматы – Шымкент тас жолында орын алған ірі апаттың біріне қатысушы – Toyota Alphard жүргізушісімен жолға шықпас бұрын полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізген. Бірақ жол ережесін елемеген жүргізуші мен оның екі жолаушысы қаза тапты. Кейде осындай ескертулер өмірді сақтап қалуы мүмкін. Естеріңізде болсын, таксиге отырарда оның заңды тасымалдау екеніне көз жеткізу керек. Атап айтқанда, жүргізушіде жолаушыларды сақтандыру шарты, техникалық байқаудан өту, сапар алдындағы медицициналық және техникалық тексерулер болуы қажет. Мысалы, Маңғыстау облысында жол апаты автокөліктің техникалық ақауына байланысты болған. Онда үш адам қаза тауып, біреуі жарақат алды. Өкінішке орай, жеке тасымалдаумен айналасуға құқығы жоқ такси жүргізушілері көбеюде. Жолда тексеру кезінде жүргізушілер мұндай жағдайларды жасырып, жолаушыларды туыстарым деп айтады. Ең өкініштісі – ол жүргізушілерді жолаушылардың өздері де қолдайды. Арзан жол жүру ақысына қызығып, өмірі мен денсаулығын ешкім ойламайды. Мысалы, ірі жол көлік оқиғасы 21 мамырда Жамбыл облысындағы Мерке – Шу – Бурыл байтал тас жолында тіркелді. Онда заңсыз тасымалдаушы анықталды. Осы апатта үш адам қайтыс болып, бір адам жарақат алды. Жол көлік оқиғасының тағы бір себебі– ол жүргізушілердің рөлде ұйықтап қалуы. Атырау облысының Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде, Бейнеу – Атырау автожолында жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізуші рөлде ұйықтап, алдында келе жатқан көлікке соғысып, төрт адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Жүргізушілердің назарына! Жолға шығар алдында сіз өзіңіз үшін ғана емес, жолауышылардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Жылдамдықты асырмаңыз, жол ережесін сақтаныз. Шаршаған жағдайда тынығып, демалыңыз. Біздің тараптан жол ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің жұмысы жазалауға емес, сіздердің өмірлеріңізді сақтауға бағытталған, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Фото: көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Бүгін, 16:48
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Бүгін, 15:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.