Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ГАЗ ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

22 маусым 2020
САЯСАТ
ГАЗ ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығының 5-бөлімі 129-тармағына сәйкес, автогаз құю стансысында автомобиль көлігінде пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға жол берілмейтіндігін хабарлайды. Өйткені, автогаз құю стансысы (АГҚС) сұйытылған мұнай газын сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдарының иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен.

Газ толтыру стансылары мен газ толтыру пункттері сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарға құюға және сақтауға, сондай-ақ, тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық кешен болып табылады.
Газ баллондары мен газ жабдықтарын осы өнімді сатуға арналған сертификаты бар мамандандырылған ұйымдардан ғана сатып алу керек. Газ баллондарын бөтен адамдардан ешқашан сатып алмаңыз. Себебі газ баллондарын қауіпсіз пайдалану және оларды тиісті жағдайда ұстау үшін олардың иелері жауапты болады.
Газ толтыру стансыларында баллондарды газбен толтыру газдың қасиеттерін, жергілікті жағдайларды ескере отырып, меншік иесі әзірлеген технологиялық регламенттер бойынша жүргізіледі.
Баллондарға сығылған, сұйытылған  және ерітілген газ толтыруды жүзеге асыратын толтыру стансылары баллондарды толтыру журналын жүргізеді. Онда толтырылған күні, баллонның нөмірі, куәландыру күні, газдың (сұйытылған) баллондағы массасы және баллонды толтырған тұлғаның қолы көрсетіледі.
Куәландырудың қанағаттанарлық нәтижесінен кейін отырғызу баллонына мынадай таңбалар қойылады: баллонды куәландыру жүргізілген толтырушы-ұйымның таңбасы (диаметрі 12 миллиметр дөңгелек нысанды); жүргізілген және келесі куәландыру күні (толтырушы-ұйымның таңбасы бар бір жолда). 
Газ толтыру стансыларында тағайындалған куәландыру мерзімі өтіп кеткен; кеуекті массаны тексеру мерзімі өтіп кеткен; баллон корпусы зақымданған; вентильдің ақаулы болуы; тиісті бояуы немесе жазулары жоқ; кемінде 0,5 атмосфера газдың қалдық қысымы жоқ және белгіленген таңбасы жоқ баллондарды газбен толтыруға жол берілмейді.
Аталған іс-шаралар автогаз құю стансыларында жүргізілмейді!
Есіңізде болсын, өз қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!

А. ОҢАЛБАЕВА, 
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қазандықтар,
газ шаруашылықтарын және магистралды газ құбырларын
мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.