Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Халық өз таңдауын жасады – Ерлан Қошанов

7 қазан 2024
САЯСАТ
Халық өз таңдауын жасады – Ерлан Қошанов
WhatsAppTelegramFacebook

АЭС салу жөніндегі референдум аяқталып, дауыс беру қорытындысы шықты. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Facebook-тегі жазбасында кеше өткен республикалық референдум демократияның іс жүзіндегі көрінісі екенін, саяси мәдениет осылай қалыптасатынын жазды. 

«Бүгін Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялады. Соған сәйкес, сайлаушылардың 71,12%-ы АЭС құрылысын қолдады. Exit poll қорытындысы да осыған жақын нәтиже көрсетті.

Жаңа саяси жағдайда Тәуелсіздігіміздің 33 жылдық тарихындағы үш референдумның екеуі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтті. Сөз жоқ, жаңа саяси мәдениет дәл осылай қалыптасады. Әр азамат қоғам үшін маңызды мәселелерді шешу ісіне тікелей араласып, ел тағдырына өзінің қатысты екенін сезінеді. Бұл – демократияның іс жүзіндегі көрінісі.

Депутаттар үнемі өңірлерді аралап жүр. Біз қоғамдық сана өзгеріп, жаңа саяси мәдениет қалыптасып келе жатқанын көріп отырмыз. Тұрғындар кез келген тақырып бойынша өз ұстанымын ашық айтып, оны барлық деңгейде батыл қорғауда. Бұл – Президенттің Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған саяси реформалар бағдарының басты нәтижесі.

Референдум қорытындысы – қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі. Халықтық штаб барлық өңірге барып, мыңдаған кездесу өткізді. Соның барысында жалпы қоғам ел болашағы үшін АЭС салудың маңызын түсініп отырғанына көз жеткізді. Кәсіпкерлер, шаруалар, кеншілер, жұмысшылар, жастар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқалар да экономикасы дамыған елде өмір сүргісі келеді. Олардың барлығы мұның кілті энергетикалық тәуелсіздік екенін және бұл үшін АЭС салу қажет екенін жақсы түсінеді.

Бейбіт атом – инновациялық тұрғыда сенімді, қауіпсіз, экологиялық таза энергия көзі. Бұл – ғылымда, техникада, өндірісте, ауыл шаруашылығында және өзге де көптеген салада көкжиегімізді кеңейтетін әлемдік тренд.

Осылайша, халық өз таңдауын жасады. Барша қазақстандықты еліміздің жаңа тарихында ерекше орын алатын осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Халықтық штабтың барлық мүшелеріне – саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақтар мен қауымдастықтардың өкілдеріне алғыс айтқым келеді. Сіздер азаматтарымыздың игілігі үшін аса маңызды істер атқардыңыздар!», — деп жазды Е. Қошанов.

Фото: Аяпбергенов Ағыбай / Kazinform

Қатысты жаңалықтар

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Бүгін, 16:48
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Бүгін, 15:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.